2014 жылдың 15 наурызында № 69 мектеп-лицейінде Наурыз мерекесіне арналған Астана қаласының колледж және мектеп оқушлылары арасында қазақ күресінен қалалық жарыс өтті. Ресми өлшену рәсімі сағат 8.00, ал жарыстың салтанатты ашылу рәсімі сағат 12.00 басталды. Мектеп оқушылары арасындағы жарыс 7 салмақ дәрежесінде (46, 51, 57, 64, 72, 81, +81), ал колледж оқушылары арасында 6 салмақ дәрежесінде ( 55, 60, 70, 80, 90, +91) өтті. Жалпы командалық есебіндегі қалалық жарысқа – 140 колледж және мектеп оқушылары, жекелей есебінде жарысқа (мектеп оқушылары арасында) – 154 оқушы қатысты.
Жарыс күні, яғни түске дейін командалық жарыс өтті. Мектеп оқушылары арасындағы командалық есебінде 15 мектебінің командасы өзара ат салысты. Жарыстың қорытындысы бойынша 3 орынға - № 34орта мектеп командасы ие болды; 2 орынға - № 69 мектеп-лицей командасы ие болды, ал 1 орынды - № 7 мектеп-гимназия командасы жеңіп алды.
Астана қаласындағы №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 19 наурыз айында Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурызға арналған «Мен және Әлем» атты көрме-жәрмеңке өткізілді. Көрме-жәрмеңкеге оқушылар технология пәнінде жасаған қол жұмыстарын, әр түрлі бұйымдарын өткізді.
Көрме-жәрмеңкенің заттары мерекеге келген қонақтарға, ата-аналарға, ауыл адамдарына қолжетімді бағада сатылды.
Бұл көрме-жәрмеңкеден түскен қаржы балалар мерекесі күні жетімдер үйіндегі балаларға сыйлықтар жасау үшін пайдаға асады.
«Қош келдің әз - Наурыз!» тақырыбында наурыз-думан мерекесін өткізді

С.Мәуленов атындағы №37 орта мектепте 2014 жылдың 20 наурызы күні "Шатыққа толы-әз наурыз" атты іс-шарасы өткізілді. Мерекеге мектептің барлық қызметкерлері бір кісідей атсалысты. Әр әдістеме бірлестігі ауылдарға бөлініп, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен қойылымдар көрсетіп, сайысқа түсті. Сайыстың қорытындысы бойынша қатысқан он ауылдың ішінен бірінші орынға бастауыш қазақ сынып әдістеме бірлестігі ие болды. Екінші орынды математика, информатика, физика әдістеме бірлестігі иеленсенсе, үшінші орын қазақ тілі әдістеме бірлестігіне берілді.
Информатика пәнінен қаңтар айында өткен «Инфознайка - 2014» халықаралық қашықтықтағы олимпиада қорытындысы 14.03.2014 күні шықты. Жалпы бұл олимпиадаға №71 мектеп-лицейінен 10 оқушы қатысты.
2014 жылғы 19 наурызда №6 гимназияда «Полиглот» қалалық гуманитарлық олимпиада өтті. Іріктеу кезеңіне 159 оқушы қатысты, оның ішінен қалалық олимпиадаға 64 оқушы өтті. 5-ші сыныптардан -27, 6-шы сыныптардан -18, 7-ші сыныптардан 12 оқушы шет тілі – ағылшын тілінен, 3 оқушы шет тілі – француз тілінен, 3 оқушы шет тілі - неміс тілінен өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің оқушылар өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетті. «Полиглот» қалалық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз. Байтасова Диана - 1 орын Дәрігер Рустам - 2 орын Салыкова Эльмира - 2 орын Айткожин Аксултан - 3 орын Сакенова Даяна - Грамота Жарайсыңдар! Осылай жалғастыра беріндер!
Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінде «Наурыз тойын тойлайық» атты өткізілген мерекелік іс-шара туралы ақпарат
Дені сау адам туберкулез оларға қатысты мәселе емес деп санағаны қате, себебі, біз дем алатын ауа, жеке бір адамдікі бола алмайды. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 30 жылдан астам наурыздың 24-і аталады. Халықаралық мереке Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірігіп, Халықаралық туберкулез және өкпе ауруымен күрес одағымен 1982 жылы бекітілді. Мереке күні ауруды қоздыратын Кох таяқшасының ашылуының жүз жылдық мерей тойына ұштастырылып белгіленді. Туберкулез бугінгі күні де әлемде жоғарғы өлімнің басты себебі болып есептеледі. Көптеген өліммен аяқталатын жағдайлар дамушы мемлекеттерде кездеседі, себебі қатер аурудың алдын алу деңгейі өте төмен. Аурумен күрес жыл сайынғы мереке шараларымен шектелмейді. 2006 жылы туберкулезбен күресетін ғаламдық жоспар әзірленді, жоспардың мақсаты өкпе ауруынан өлімді 2 есеге кеміту болды.

Жыл басының жаңа күн мерекесін тойлауда даралықты Астана қаласы білім басқармасының №63 «Әсем-ай» балабақшасы тиянақты қолға алып, көптің көңілінен шығатындай етіп өткізуді мақсат еткен.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны