Мектебіміздің мың бұралған бишілері мен бұл-бұл дауысты әншілері

8 наурыз мерекесімен аналарды құттықтап, өз өнерлерін көрсетті.

6-наурыз күні 5-7 сынып қыздарының қатысуымен «Өзім – бұл мен, өзге – ол менің досым: біз қандай қыз болып өсуіміз керек?» тақырыбында мектебіміздің ұстазы Есенеева Қарлығаш Төлегенқызы ауызша журнал өткізді.

2013-2014 оқу жылында №49 орта мектепте Азаматтық қорғанысқа байланысты өтілетін іс-шаралардың жоспары

Павлодар қаласында  «Аймақаралық жас математиктер турнирі»  атты математика пәні бойынша жасөспірімдер арасында командалық олимпиада болып өтті.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Жарқын болашақ» ҮІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасы 2014 жылдың 1 наурызында өтті.

Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» атты Мағжан оқулары қалалық байқауында «Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей» номинациясы бойынша 9 Б сынып оқушысы Жүнісов Ақжол ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

15.03-19.03.2014 күндері аралығында мектебімізде қазақ халқының төл мерекесі Наурызға байланысты "Наурыздың жауһар сырлары" атты мерекелік іс-шаралар, сынып сағаттары, жәрмеңкелер және көрмелер өтеді.

Наурыздың 6-жұлдызындаМаншук Сериковна Досимова мен Анар Ашеевна Атагожинаның ұйымдастыруымен „Ал, қане, қыздар!„ байқауы өтті. Байқауға өнерінен бал тамған, көрсең көзің тоймайтын 5-7 сынып арулары қатысты. Сайыс өте тартысты, әрі қызықты өтті.Аруларымыө оң саусағынан өнерлері тамған тамған өнерлерін, шаш сәндеу үлгісін көрсете білді. Қыздар әрбір кезеңде бірінен бірі қалыспады. Нәтижесінде жеңіс он саусағынан өнері тамған, инабатты да парасатты, сұлу да сымбатты 6 «А» сынып оқушысы Миралиева Жазираға бұйырды.

2014 жылдың 17 наурыз күні сағат 15.00-де № 64 мектеп-лицейінің базасында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарттарының жобасын талқылау өтеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері Ж.А.Жонтаева, К.Н.Шамшидинова, С.Б.Испусинова, А.О.Қазжанова, О.И.Можаева, Ж.Н.Әбілдина, Г.С.Сыздықова, А.Т.Дүйсебек, Е.А.Тұяқова қатысады.
10 наурыз күні акт залында Наурыз мейрамына орай 5-сынып оқушылары арасында «Әр бір үйде Наурыз мейрамы» атты мемлекеттік тілде өлең оқу байқауы өтті. Мақсаты –оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлттық киім киген қатысушылар әр түрлі өлеңдерді жатқа оқыды. Жанкүйерлер өздерінің сыныптастарына қолдау көрсетті. Байқауға қатысқан оқушылардың барлығы дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. 5а сынып оқушысы Омар Рашида бірінші орынды иеленді.

Астана қаласы №42 ортра мектебінің 2 «А»-сыныбында «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Анаға қарап қыз өсер» атты қыз сыны сайысы өтті.

Сынып жетекшісі: Жалғасбек Эльмира Жалғасбекқызы

Сыныптағы 17 қыз баланың қалаулары бойынша өз аналарымен бірігіп, бір топтың құрамында сайысуы 5 кезеңнен тұрады.

6-шы наурыз күні №58 мектеп-гимназиясында Көктем аруы-2014 сайысы өтті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны