Жиында мектеп психологы Атамбаева Дина Жұмақанқызы «Нашақорлық ғасыр -дерті» деген тақырыпта баяндама жасап, баяндамада қазіргі кездегі қоғамдағы «нашақорлықтың» алып отырған орны, адамзат баласының одан тартып отырған қайғы- қасіреттері туралы, жастарды бүгінгі күннен бастап отбасынан, мектеп қабырғасынан «нашақорлыққа» қарсы тұру және алдын алу мәселері бойынша түсініктемелер беріп, жастарға салауатты өмір салтының сақталуының қамқоршысы болу әр қайсымыздың жауапты міндетіміз, нашақорлыққа қарсы күресті жалпы халық болып жүргізуіміздің қажет екендігін атап өтті.

Құрметті әріптестер!!!

Мухаметжанова Арай Аукеновна 21.03.1972ж.

Башаева Нурсауле Биралыевна19.03.1973ж.

Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді.Осы орайда Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастырылуда.

Жасөспірімдер арасындағы күйзеліс - бүгінгі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Оның алдын алу мақсатында мектебімізде жоспарлы түрде әртүрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.13 наурыз күні мектебімізде суидциолог Дегтярь Татьяна Ивановнамен кездесу болып өтті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап , ақыл – кеңестер алды.

13 наурыз күні мектебізде 11-сыныптартың салыстырмалы тест қорытындысының кезекті отырысы болды.

12 наурыз күні мектеп акт залында Наурыз мерекесіне орай 7-сынып оқушылары арасында қазақ ертегілерінен үзінді көрсету байқауы өтті. Мақсаты- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Байқауға жоғары дайындықпен келген 7-сынып оқушылары ұлттық киімдер киіп өнерлерін көрсетті. Барлық қатысушылар дипломдар және мадақтама қағаздарымен марапатталды . 7б сынып оқушылары бірінші орынды иеленді.

«Сатылай кешенді оқыту технологиясы» бойынша эксперимент сыныптар арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мектепішілік ауызша командалық олимпиада өтті. Олимпиадаға бастауыш сыныптардан 1 «ә», 1 «б», 2 «г», 2 «е» сыныптары қатысты.

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша тәжірибе алаңында

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты тақырыппен оқушылар арасында мектепішілік ауызша командалық олимпиадасы өтті.

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы 2014 жылдың 11 наурызында «Сатылай кешенді талдау» технологиясының негізін қалаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы,профессор,әдіскер – ғалым Нұрша Алжамбайқызы Оразақынованың және қала мұғалімдерінің қатысуымен«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты тақырыппен оқушылар арасында мектепішілік пәндік ауызша командалық олимпиадасы өтті. Мақсаты - сатылай кешенді оқытудың рөлі мен маңыздылығын ашып, оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыру. Бұл әдіс оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіруге бағытталған. Барлық пәнненберілген сұрақтар мен тапсырмаларға команда мүшелері ауызша жауап берді. Білім сайысына мектебіміздің қатысқан командалар тізімі төмендегідей болды.

Мерекеге орайластырылып ұйымдастырылған «Ұлыстың ұлы–күні наурыз!» қолөнер көрмесіне, мектебіміздің өнерді жақсы көретін оқушылары Шералы Динара, Қабыкенова Айтолқын, Сабырхан Ақмарал,Югай Кристинаның жұмыстары қойылды. Бұл көрме мектептің өмір тынысымен бірге тыныстаған оқушылар мен ата- аналардың көңілдеріне қуаныш ұялатты. Наурыз мерекесімен бір ұғымда қолданылатын ұлыс ұғымы халық  дегенді білдіреді, ал ата-аналармен балалар халықтың бір бөлшегі болып табылатындықтан тамашалап, көрушілердің танымы кеңейіп, қызығушылықтары артты.

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің 8 «ә» сынып оқушылары Наурыз мерекесімен құттықтайды!Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

І Халықаралық «Шексіз математика» атты математикалық турнир Болгария мемлекетінің математика саласындағы белді орталығы ұсынысымен өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны