2022 жылдың 22 қазаны күні, «Bolashaq» қауымдастығының дәріскері Дастан Сейтказин 9-11 сынып оқушыларына мамандығы, мансабы және табысты тәжірибеге жету бойынша мотивация беріп, шетелде алған білімдерін практикада қалай пайдалану керек әдістерін үйретіп, еңбек нарығындағы трендтер мен үрдістер бойынша мәлімет берді.
Алматы қ орналасқан, Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінің спикері 19-20 қазан аралығында 11 сынып оқушыларымен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында мектебіміздің түлектері сауалнама толтырып, толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Құрметті оқушылар және ата-аналар! 2022-2023 оқу жылынан бастап, мектепте оқушыларға мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру (мамандық және оқу орнын таңдауға көмек) жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз!
11 қараша №79 мектеп-лицейінің атынан , 1-4 сынып аралығында , “Алтын күз” аптасына орай екінші ауысымда жәрмеңке өткізілді . Жәрмеңкедегі барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады .
2022 жылдың 10 қараша күні, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша менеджері Т. Нуров және «Право» қоғамдық қорының психологы:Н. Амангелдіқызы, заңгер:
А. Хамитов.
№79 мектеп- лицейінде « Буллинг/ Антибуллинг» атты семинар өткізілді.
АӘД пәнінің мұғалімі М.С.Кангалаковтың және құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша менеджер Т.Р.Нуровтың қатысуымен 5-9 сынып оқушыларына арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді
2022 жылдың 28 қазан күні , Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен , мектеп старосталарына арналған "Оқуға құштарлықты ояту” тақырыбының аясында “ТалқыLike” жобасының алғашқы кездесуі өткізілді .
Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Мейірім» әлеуметтік жобасы аясында өткізілген «Менімен биле» атты күзгі балл конкурсында "ЗАМАНАУИ БИ" номинациясында Мукушева Ясмина жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Қазақстан OLIMPBET Чемпионатының XXIV туры аясында 23 қазан күні «Астана арена» стадионының базасында өткізілген «Астана» мен «Атырау» командаларының кездесуін тамашалауға мектебіміздің спорт сүйер жастары барып қайтты.
9 " Ә" сынып оқушысы Тұрарбек Алихан Астана қаласы "Жекпе-жек" Ұлттық спорт Федерациясының ұйымдастыруымен өткізілген Ата-қазақ "Жекпе-жек" ұлттық спорт түрінен жасөспірімдер арасында "Елорда" кубогіне қатысып Жүлделі І орынды иеленді.
2022 жылдың 21 қазан күні мектеп қабырғасында "Қаупсіздік сағаты" жобасы аясында 6 "А", "Ә", "Ж", "Ғ" сыныптарының ата-аналарымен қарқынды жұмыс өткізілді.
25 қазан Республика күніне орай бастауыш сынып оқушылары да әуелете Қазақстан Республикасының Гимнің шырқады.
#25қазанРеспубликакүні, #АстанаРеспубликакүні, #Патриотизмдауысы
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны