23 сәуір күні мектеп ауласына Нұр-Сұлтан қаласын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша "Бірге таза Қазақстан" атты экологиялық іс-шарасы жалғасуда. Сенбілікке ата-аналар, ұстаздар, білімалушылар белсене қатысты. Ата-аналардың ұйымдастыруымен 100 түп ағаш отырғызылды. Мектеп ауласы тазартылып, ағаштар түптеліп, ағартылды. Сенбілікке қатысқан барлық ата-аналар, ұстаздар мен білімалушыларға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!!!

Сенбілік қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осы ретте А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушылары 23 сәуір күні сенбілікке шықты. Сенбіліктің басты мақсаты – мектеп тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.

А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей оқушылары " Eurasian Book Fair - 2022" халықаралық кітап көрме - жәрмеңкесін тамашалап келді.
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев: "Біз кітап оқуға деген сүйіспеншілігті бастауыш сыныптан бастап қалыптастырсақ қана кітап оқитын ел бола аламыз. Ал жас ұрпақтың сауатты болуы үшін балалардың көркем әдебиет оқуы өте маңызды", - деген болатын. Сондықтан биылғы Балалар жылында жастардың қабілетін дамыту үшін кітап оқуды насихаттап, интернеттің шексіз ақпарат ағынына төтеп беріп, өскелең ұрпақ өміріне лайықты кітап оқу мәдениетін кеңінен қалыптастыру қажет.
Осы көрменің мақсаты - кітап оқуды насихаттау, қатысушы елдердің әдеби мұрасын қолдау, оқырман мәдениетін қалыптастыру, сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің , кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну . Баспа саласындағы жетістіктерді көрсету.
Барған оқушылар қаншама ғажайып кітаптар туралы мағлұматтар жинақтады. Арнайы ұйымдастырылған қызықты ойын- сауық бағдарламаларды тамашалады.
Өздеріне ұнаған керемет кітаптарды қолжетімді бағалармен сатып ала алды. Осындай керемет күн сыйлаған ұйымдастырушыларға да алғыстарын білдіруде.

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

2022 жылдың 22 сәуір күні "Міржақып Дулатұлы атындағы#68 мектеп гимназиясы" КММ "Астана Дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының "Qabilet" кәсіби бағдарлау қызметі бөлімінің педагог-психологтары Карибеков Нұрперзент Жанабайұлы және Куатова Молдир Кайратовна 11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау тренингтерыныстарын айтып, алғыстарын білдірді.ін өткізді.

"Ғылым әлемін ашамын" атты онкүндігі аясында Математика бірлестігінің ұйымдастыруымен 21.04 күні педагогика ғылымдарының кандидаты Әлима Қисымовамен «Мамандығым мақтанышым» атты шығармашық кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты: болашақта бітіруші түлектердің мамандықты дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беру. Кездесу барысында оқушылар белсенді болып,
Мен кім боламын?
Ол үшін мен не істеуім қажет? Менің таңдаған мамандығым қаншалықты сұранысқа ие? сияқты көптеген сұрақтарға жауап алды.
Әлима апайдың "XXI ғасыр адамы" жоспарымен, 4 индукция әдісімен таныстық. Кездесуден кейін "Туған ой" тақырыбында мамандық таңдау аясында эссе жазып, оны талқылауға уәде етті. Әлима апайға алтын уақытын бөліп келгені үшін алғыс білдіреміз.
Жастарымызға сәттілік тілейміз!👩🎓🧑🎓👨🏻🎓
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны