8"л" сынып оқушылары Сламханова Аружан мен Оразбаева Әсем "Art культура" главное событие 2021 жаңа жылдық конкурсқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.Құттықтаймыз.Өнерлерің өрге жүзсін! Жарайсыздар

«Сарыарқа» би тобы қатысты

Тәуелсіздік құрдастары мен тәуелсіздік алған жылдары мектепте алғаш ұстаздық жолын бастаған ұстаздарымыздан видеоролик.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай мектептің ардагер ұстаздарымен "Еңбегі ерен елеулі есімдер" тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Тәуелсіздік алып, Елордамыз қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына ауысқаннан кейінгі жылдары тұңғыш қазақ мектебі болып 1999 жылы ашылған №38 мектеп-лицейдің алғашқы директоры Жамал Базарқұлқызы, сол жылдары қызмет еткен ұстаздар және кейінгі жылдары директорлық етіп, зейнетке шыққан Камилла Кәрімбердіқызы қонақ болып, мектептің тарихын, бүгіні мен ертеңі туралы мектеп ұжымымен ой бөлісіп, мектептің үздік мектеп ретінде қалыптасуы туралы естеліктерімен бөлісті.

Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем болсын, көк туымыз желбірей берсін ! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Ізгі тілекпен; мектеп директоры Баймуратова Бану Әлімжанқызы

Бүгін мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған қорытынды концерт өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік кеш

ЕҢСЕСІ БИІК ЕГЕМЕНДІК!

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде осы өлең жолдарымен басталған салтанатты шараға мектептің ұжымы, оқушылар қатысты. Салтанатты шарамыз Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Алғашқы сөзді мектеп-лицей директоры Гүлжан Дәрібайқызы алып, басты мемлекеттік мерекемен құттықтап, мереке қарсаңында «Білім беру мен тәрбие саласына қосқан үлесі» үшін марапаттау жасады. Сондай-ақ, әріптестеріміз

«Nur Otan» партиясы Алматы аудандық филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақ ұйымы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, Білім және Ғылым министрінің

АЛҒЫС ХАТТАРЫМЕН марапатталды. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының төрағасы Тәуелсіздік құрдастарына арнайы сый табыс етті. Салтанатты шара мұғалімдер дайындаған мерекелік концертке ұласып, ән, би, көрініспен өрнектелді. Кеш «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңында мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Елім деп соққан жүрегім!» атты патриоттық ән байқауы өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы № 45 орта мектебінде қатігездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Буллинг-кибербуллинг» тақырыбында мектеп психологымен әңгіме өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны