Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.12.2021

«Дені саудың-жаны сау»

Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектеп ұстаздары арасында 27.11.21 күні ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дені саудың-жаны сау» атты тақырыбында спорттық жарыс өткізілді.

03.12.2021

"Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері" атты қолөнер көрмесі

Тұңғыш Президент күніне орай №60 мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары "Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері" атты қолөнер көрмесіне қатысты. Көрме экспонаттары қаланың рәміздерін бейнелейді. Жұмыстар сүйіспеншілікпен және шығармашылықпен  орындалған.

02.12.2021

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Биылғы жылы елімізде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді. Осыған орай қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, қоғамтанушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық жасөспірімдер және балалар кітапханасы қалалық «Кел, балалар, оқылық» атты оқуын өткізді.

Байқаудың мақсаты:

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, түсінік беру, оқушылардың ақпараттық -құзіреттіліктерін кеңейту.

Міндеттері:

• Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту
және тіл шеберлігін ұғындыру;
• Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, олардың танымдық
қызығушылықтарға ынталандыру;
• Тың тақырыпқа эссе жаздыру арқылы оқушылардың ой өрісін кеңейту
шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

«Кел, балалар, оқылық» атты оқуларына онлайн бейне байқауына қатысып №42 орта мектебінің 1 «Ә» сынып оқушысы Куренбаева Арай «Бала тілі – бал» атты номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі: Әбуова Айгүл Әбітайқызы

02.12.2021

Инклюзивті білім беру ұжымының ұйымдастыруымен

«Инклюзивті білім берудегі түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты-ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Іс-шара барысында инклюзия жайлы толық ақпарат беріліп, дефектолог және логопед мамандарының ата-аналар мен ұстаздарға арналған ұсыныстарымен ой бөлісті.

02.12.2021

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

2021 жылдың 30 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласының №54 мектеп-лицейінің базасында  8-11 сыныптар арасындағы Қалалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауға біздің оқушыларымыз физика, химия, биология, тарих пәндері бойынша қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:

Алмасбек Адель-І орын -11-сынып (физика)

Султанова Айша-ІІ орын -10-сынып (биология)

Кундак Аяжан мен Кундак Аружан –  І орын -11-сынып (тарих)

Жунусов Алихан – ІІ орын – 9-сынып (физика)

Зарлыков Даниал- ІІІ орын -10-сынып ( химия)

Толегенов Нурмухаммед- ІІІ орын (құқық)

Жобалар байқауына шәкірттерін дайындаған мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз. Олар: Ташенова М.Ж.- химия мұғалімі, Олишевич С.И., Абдраманова Н.Р.- физика мұғалімдері, Ашимова И.У.- биология мұғалімі, Хамитова А.С.-тарих мұғалімі.

Байқау қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы лицейлерінің арасында біздің мектебіміз жүлделі ІІІ орынды иеленіп, «Үздік қалалық  команда-2021» атағымен марапатталды.  Құттықтаймыз!

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны