2021-2022 оқу жылының 25 қарашасында мектебіміздің жоғарғы сынып оқушыларымен «64-те қонақта» жобасы аясында «Құрметке лайықты» тақырыбында желтоқсан ардагерлерімен кездесу өтті.Кездесудің шымылдығы мектеп оқушыларының қойылымы мен ән шашуымен ашылды.Келелі кездесуде ардагерлер өздерінің өмірлерінен сыр шертіп, бүгінде тарих төрінен орын алған Тәуелсіздікке қалай жеткені жайлы қызықты оқиғаларын айтып берді. Оқушылар желтоқсан оқиғасына қатысты сұрақтарын қойды. Тарихи кездесу соңында білім ордасының басшылығы келген қонақтарға мектеп ұжымы атынан ризашылығын білдірді.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындырлы саясатымен бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
Ізгі тілекпен: мектеп директоры Бану Әлімжанқызы

"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 8-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінен орын алған:
🥈2- орын Кенжетаева Назия (жетекшісі: Каусова Нурия Кубашевна);
🥉 3-орын Өміртай Аружан (жетекшісі: Иманбаева Гульзия Калиевна) Ғ.Тұрсыновтың қолынан диплом алып, марапатталды.

Биыл барша қазақстандықтар үшін ең қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Сондай-ақ, Алаш қайраткері, ағартушы, ақын Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясына да 10 жыл. Оқу ордасында мерейтойға орай салтанатты шаралар өтіп, ардагер ұстаздар мен мектеп түлектері бас қосты.

Бүгін зум платформасы арқылы онлайн форматта "Ахмет Байтұрсынұлы оқулары аясында" Ы.Алтынсарин және қазақ ағартушылығы" атты халықаралық ғылыми әдістемелік конференция болып өтті. Конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессор, ғалымдары және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей ұжымы, көрші мемлекет ғалымдары қатысып, баяндамаларын оқыды. Конференция өте жоғары деңгейде өтті. Мектебімізден Зауре Жақанқызымен Нұрлыбек Амандықұлы өз баяндамаларын таныстырды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен Ыбырай Алтынсаринды келешек ұрпаққа насихаттау біздің басты парызымыз!

Бүгін, 30 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей оқушылары Боларбек Нұрбек 9 Б оқушысы (Жетекшісі: Килыбаева А.Ж) - ІІ орын, Тургумбаева Айиша 9 «В» оқушысы (Жетекшісі: Усенова Ш.Н) - ІІІ орын, Альжанова Назира 11 «Г» оқушысы (Жетекшісі Сапарғали А) - ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар, Байзакова Жұлдызай - 10 сынып оқушысы Грамотамен марапатталды. (Жетекшісі Шынгысбаева Ш.К)

"№45 орта мектеп" кітапханасында 30.11.2021ж-15.12.2021 ж аралығында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған және Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына байланысты "Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент" атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

2021 жылдың 27 қарашасы күні өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі бойынша #64 мектеп-лицей "Үздік қалалық команда-2021" номинациясы бойынша мектеп командасы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Нәтижесі төмендегідей:
- Өлкетану секциясы бойынша 10-сынып Тұрсынбай Назым I орын, жетекшісі география пәні мұғалімі Киргизбаева Баян Дауытбаевна;

- Қолданбалы математика секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Ескермес Ерасыл II орын, жетекшісі математика пәні Жұмаділла Майра Серікқызы;

- Тілдер секциясы бойынша 11-сынып оқушысы Айғалиева Медина II орын, жетекшісі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матбаева Сара Ерденовна;

- Техника секциясы бойынша 10-сынып Мерекеев Мертай II орын, жетекшісі информатика пәні мұғалімі Кыдирова Сандуғаш Айдарбекқызы;

- Биология секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Сағындық Аяулым, жетекшісі география пәні мұғалімі Киргизбаева Баян Дауытбайқызы;

- Әдебиет секциясы бойынша 8-сынып Суннатилла Айша III орын, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шотпаева Алтынгүл Бахрединқызы;

- Информатика секциясы бойынша 11-сынып оқушысы Алдаберген Бейбарыс, III орын, жетекшісі информатика пәні мұғалімі Тайшина Арайлым Төлегенқызы.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер. Тек қана алға! Жеңісті күндер құтты болсын!

2021 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназиясының 5-сынып оқушыларын мектептік бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында 5-11 сыныптар арасында "Елімнің тұңғыш Президенті" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны