Меню KDT

Новости

Главная Новости

05.11.2021

Ұлттық музейге экскурсия

8 "Д" сынып оқушылары, Қазақстан Республикасының ұлттық музейіне барып экскурсия жасады. Оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдаланып, рухани азық алып, білімдерін кеңейтті. Сынып жетекшілері: Мұқият Қойшыбай.

Музей туралы айтар болсақ, Қазақ қоғамында ықылым заманнан бабалар мұрасын, салт-санасын, әдеби туындылары мен дәстүрлі өнерін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру аса маңызды ұстанымдардың бірі болып саналып келген. Бұған дәлел ХХІ ғасырға қадам басса да қазақтар әлі күнге дейін өзінің шығу тегін, жеті атасы мен үлкен шежіресін білуді өздеріне міндет санауы. Ал салыстырар болсаңыз, қазіргі таңда бізден әлдеқайда экономикалық тұрғыда озып кеткен әлемнің дамыған елдерінде өз жеті атасын ақсүйектің ұрпақтары білуі мүмкін, бірақ, қарапайым тектен шыққандардың басым бөлігі оны білуді өздеріне маңызды деп те санамайды.

Осы орайда ел аузында «Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» деген мақал бар. Оған қоса, дүниежүзінің екінші ұстазы атанған әйгілі бабамыз Әл-Фараби да: «Өткенді білмей, бүгінгіні түсінбей, болашаққа болжам жасау қиын» деген екен. Яғни, ұлтымыздың тұла бойында өз тарихына деген құрмет атам заманнан қалыптасып, қаны мен сүйегіне сіңіп кеткен.

Қазақ даласы аспан астындағы музей іспеттес. Фольклорымыз сонау түркі кезеңінен бергі эпостар мен дастандарға, поэмаларға толы. Тек сол рухани байлықты анықтап, хатқа түсіріп, хатқа түсіп зерттелгендерін келер ұрпаққа насихаттау біздің Ұлттық музейдің басты мақсаты.

Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының идеясымен құрылған еліміздегі тұңғыш ең алып мұражай артефакттерді сақтап қана қоймай, жаңаша зерттеулер жүргізумен, шетелдерге көрме ұйымдастырумен және түрлі қоғамдық-танымдық шаралар жүргізумен шұғылданады.

Музейде сан қырлы тарихымыздың жәдігерлері мен жаңа өнер туындыларын бұқара халыққа паш етуге арналған арнайы 11 экспозициялық зал жұмыс жасайды. Әр залдың өзіндік зерттейтін тарихи кезеңі белгіленген, тиісті білікті мамандар тобы құрылып, жаңашыл жобаларды қалыптастырып жүзеге асыру даңғыл жолға қойылған. Музей залдары заман талабына сай LED экрандар мен қажетті мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған.

05.11.2021

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен мектептің 5-сынып оқушылары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жастар” театрының ұйымдастыруымен өткізілген қойылымды тамашалады.

04.11.2021 күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен мектептің 5-сынып оқушылары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жастар” театрының ұйымдастыруымен өткізілген қойылымды тамашалады. Оқушылардың назарына мейірімділік пен татулықты ту еткен В. Орловтың “Алтын балапан” балалар шығармасының желісі бойынша сахналанған "Мейірімді жүрек" ертегісі көрсетілді. Демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында театрға жасалған саяхат балаларға тамаша тарту болды.
5 сынып оқушыларына ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттері жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты ажырата білуге ықпалын тигізді. Қойылымның балаларды батырлыққа, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеуде берер тағылымы мол.
Жас көрермендер қойылымнан көтеріңкі көңіл-күймен шығып, өздерінің эмоцияларымен, алған әсерлерімен бөлісті.
Оқушыларды театрға мектеп психологы, 5 “А” сынып жетекшісі Надира Сунақбайқызы алып барды.

05.11.2021

Жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру

Қарашаның 5-і күні А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейде «2021-2022 оқу жылының басты міндеті - білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында білім олқылықтарының орнын толтыру жұмысы жайында мектеп директоры З.Садыкованың үйрету семинары өтті. Семинарға бірлестік жетекшілері мен тәжірибелі педагогтар қатысты. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі таныстырылып, жұмыс жоспары құрылды.

04.11.2021

Білікті ұстаз – бүгінгі заманның талабы.

Білікті ұстаз – бүгінгі заманның талабы.
Мұғалімнің тұлғалық өсуі – біліктілікті жетілдіру арқылы іске асатын үдеріс. Өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңалыққа жақын жаңашыл ұстаз ғана қоғамда жоғары мәртебе иесі бола алатыны белгілі. Кәсіби білігі мен білімі жоғары әрбір ұстаз өскелең ұрпақты қоғамның болашақ білімді азаматы етіп тәрбиелеуде өз біліктілігін үнемі арттырып отыруы керек. Осы мақсатта қараша айының 4-і күні филология ғылымдарының магистрі, докторант, халықаралық тренер Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы «Авторлық бағдарлама және оқу әдістемелік құралдарды жасаудың әдістемесі» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» КММ мұғалімдерімен семинар өткізді. Семинарда авторлық бағдарлама, көмекші оқу құралы, көмекші оқу- әдістемелік құралы, жұмыс дәптері, қысқаша әдістемелік нұсқау, аннотация, түсінік хат жазудың жолдары туралы көптеген кеңестер, бағыт-бағдар берген білікті тренерге айтар алғысымыз шексіз. Ізденіс жолында жүрген ұстаздарымыз семинар барысында түрлі сұрақтардың жауабын алып, қызығушылықтары артты.
Мектеп – барлық өркениеттің ошағы десек, мұғалімдер – мектептің шырағы. Ал, әрбір шырақ жарық болуы үшін ізденімпаз ұстаздың алар асуы мен біршама бағындырған белестері болуы керек. Білім шыңына шығып, еліміздің келешек тұтқасын ұстар ұрпақтың білімді де білікті болуына аянбай еңбек ету – біздің ұстаздарымыздың басты миссиясы.

P.S: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»
К.Ушинский

03.11.2021

Құттықтаймыз!

30-31 қазан күндері  Нұр-Сұлтан қаласында «ШАХ и МАТ» шахмат клубында 3-ші және 4-ші разрядқа арналған біліктілік турнирі болып өтті. Мектебіміздің атынан 8 «Д» сынып оқушысы Адильбеков Мажит 1-ші орын жеңімпазы атанып 3 разряд және 4 «А» сынып оқушысы Серікбай Шахназар 2-ші орын жүлдегері атанып 4 разряд нормасын орындады. Турнир жеңімпазы мен жүлдегері арнайы диплом, сертификат және медальмен марапатталды.

03.11.2021

"Бірге ертегі оқимыз" байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Білім беруді жаңарту орталығы" МКҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының жылдық жоспарына сәйкес Халықаралық мектеп кітапхана күніне орай мектеп кітапханаларының апталығы өтті. 1-4 сынып оқушылары "Ертегілерді суретпен безендіру", "Ертегіні дауыстап оқу", жоғарғы сынып оқушылары, төменгі сынып оқушыларына "Бірге ертегі оқимыз" байқауына қатысты.

03.11.2021

"Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт" жобасы

Қазан айынан бастап мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт" жобасы аясында мектеп оқушыларын бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларына арнайы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерімен бірге таңдалынып алынған кітаптарды оқып жатыр. Бұл жоба Сәуір айына дейін жалғасын табатын болады.

Мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани- адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.

Міндеттері: Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін дамыту, рухани байлығын, ой- өрісін дамыту, жоғары эстетикалық талап- талғамын қалыптастыру, ең үлкен ұлы тәрбие құралы- кітап екенін түсіндіріп қызығушылықтарын ояту.

Кітапханашы Нұрсәуле Мерзімқызы. Зоя Нұрланқызы осы жоба бойынша жұмыс атқаруда.

03.11.2021

«Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеуге қойылатын талаптар» тақырыбында әдістемелік ашық әңгіме

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№45 орта мектеп» КММ-де «Өрлеу»БАҰО» АҚ «Жаратылыстану – гуманитарлық пәндер әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. доценті Бауыржан Сәбит Имангалиев, «Әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының» әдіскері Нурмаганбетова Валентина Ивановна және «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК әдіскерлері Ахметова Кымбат Касымовна, Даримбетов Жанболат Нагимович бірлесе отырып «Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеуге қойылатын талаптар» тақырыбында әдістемелік ашық әңгіме өткізілді.

03.11.2021

№35 мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 8-10 сыныптар арасында мектепішілік волейболдан жарыс ұйымдастырып, өткізді.

02.11.2021 күні №35 мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 8-10 сыныптар арасында мектепішілік волейболдан жарыс ұйымдастырып, өткізді. Аталмыш іс-шараны мектеп директоры Адилбекова Зауреш Ишанкуловна және дене тәрбиесі ӘБ жетекшісі Кундубаев Саин Сальтуевич оқушыларға сәттілік тілеп, жарысты бастап кетті.
Волейбол жарысына 9 команда қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
I орын 10 “Ә” сыныбының командасы;
II орын 8 “Б” сыныбының командасы;
III орынды 10 “Б” сынып командасы иеленді.
Сайыстың ұйымдастырушыларына, ойынның әділ әрі жақсы өтуіне атсалысқан дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігінің педагогтары, өзін-өзі басқару ұйымының спорт министрі Ермек Олжасқа белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жақсы ойын көрсеткен барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Іс-шара санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарға сай өткізілді.

03.11.2021

3.11.2021 жылы Абай атындағы #87 мектеп-гимназиясында "Физика" пәні педагогтеріне арналған қалалық олимпиада нәтижесі

3.11.2021 жылы Абай атындағы #87 мектеп-гимназиясында  "Физика" пәні педагогтеріне арналған қалалық олимпиада өтті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 80-ге жуық мұғалім қатысқан додада 1-дәрежелі дипломмен мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Мырзақұлов Арман Әскербекұлы марапатталды.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны