Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы - бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Әлем алға қарап дамыған сайын, білім беру мазмұны да жаңарып, дамып келеді. Білім берудің негізгі мақсаты — оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың маңыздылығын арттыруды қажет етеді. Мұғалімдердің алдында тұрған басты мәселе – білім алушыларды қалай оқыту жолдарын қарастыру. Нәтижесінде ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті, метатануы қалыптасқан табысты тұлға қалыптасады.
Оқушылардың күзгі демалысы уақытындағы мұғалімдердің жұмыс күндерінде жоспар бойынша 02.11.2021ж. күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚБАИ филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Имангалиев Бауыржан Сәбитұлы және «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушылары Боранбаева Ләйла Қайырбекқызы, Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқытудағы кедергілерді анықтау және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан кейінгі алған білімдерін толықтыра отырып, оқытудағы кедергілерді жоюда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың білім беру үдерісіндегі тәсілдерін зерделеді. Еркін форматта ұйымдастырылған дөңгелек үстелде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдарымен бөліскені үшін білікті тренерлерге айтар алғысымыз шексіз.
P.S: Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үрдіс

2020 - 2025 оқу жылына арналған "Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт" жобасы бойынша мектеп кітапханасында " Кітап - ғұмыр шырағы" атты дөңгелек үстел 02.11.2021ж. өтті. Мақсаты: Оқушыларға жоба барысын таныстырып, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттырудағы сынып жетекші мен пән мұғалімдерінің рөлін анықтап, қолдау көрсету.

Мұғалімдерді топқа бөліп, Сарыарқа әнін 4 сынып оқушысы Сәмен Елікай орындап, керемет көңіл күй сыйлады. Абай Құнанбаевтың "Қара сөздерін" оқып талдап, талдау барысында өмірмен ұштастырды. 2021-2022ж Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай шағын әңгімелерінен заманауи үлгіде креативті кітап құрастыру болды. А.Құнанбайұлының өлеңдері бойынша символдар арқылы жасырынған өлең жолдарын табу болады. Кері байланыс жасалып, "Кітап- ғұмыр шырағы" атты мұғалімдерге, Зоя Нұрланқызының дайындап әкелген қолжазба кітапшасын, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канафиева Зарина Рустамовна марапаттап табыстады.

02.11.2021 жылы «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ ДАЛА ҰСТАЗЫ»

халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Жалпы білім беру ұйымдары арасында қашықтықтан өткен ХІІ қалалық “Асыл мұра”ұлттық өнер байқауының “Дәстүрлі ән” номинациясы бойынша 7 “Ә”сынып оқушысы Джексенбай Асқар ІІ дәрежелі Дипломмен, “Ұлттық аспап” номинациясы бойынша 8 “Г” сынып оқушысы Айтбек Ботакөз Дипломмен марапатталды. Жетекшісі Кудерина Жанар Агзамовна.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған қалалық “Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы” атты эстрадалық ән байқауында мектебіміздің 3 “Ә” сынып оқушысы Бауыржанұлы Қуаныш І орын иегері атанды. Жетекшісі: Кудерина Жанар Агзамовна, . Құттықтаймыз!

2021 жылдың 1 қарашасы күні №64 мектеп-лицейде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы тренерлерінің қатысуымен әдістемелік оқыту семинары болып өтті. Ұлттық орталық тренерлері Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы мен Боранбаева Ләйла Қайырбекқызы мұғалімдерді қызықтырған тақырыптар бойынша дәріс оқып, сындарлы оқытудағы белсенді әіс-тәсілдер туралы тәжірибелік-практикалық жұмыстар жүргізді. Семинар барысында мұғалімдер қызыға жұмыс жасап, өз тәжірибелерін молайтуға мүмкін алды. Ұлттық орталық тренерлеріне алғыстарын білдірді.

№35 мектеп-лицейінде айдың соңғы аптасы сенбі күні мектеп мұғалімдерінің кәсіби шыңдалу мақсатында тәжірибе алаңы ұйымдастырылады. Сондай күндердің бірі 23 қазан айында Амантаева М.О., Темірхан Д.О., Мищенко К.В., Крайникова .Г. мұғалімдер «Авторлық бағдарламаны құрастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарда авторлық бағдарламаның құрылымы қандай, қазіргі білім саласында авторлық бағдарламалар қалай қоралады, бекітіледі мазмұныныдағы сұрақтарға жауап берілді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Есіркеп Сұлтан президенттік олимпиададан 2 орын алып, күмвс медальға ие болып, республикалық командаға мүше болды.
11 сынып оқушысы Рысқұл Азат Мадақтама алды. Оқушыларды жетістігімен құттыктаймыз! Сұлтан республикадан орын алсын!

№45 орта мектеп кітапханасының 4-9 сыныптар арасында өткізілген іс шара

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде мектеп президенті сайлауы өтті. Көпшіліктің қалауымен бұл лауазымға 8 «В» сынып оқушысы Асан Мейіржан лайықты деп танылды. Дауыс беруге тек мектеп мұғалімдері қатысты. Негізінен, мектеп президентінің сайлауына үш кандидат түсті. Ең көп дауыс жинаған Асан Мейіржан мектеп президенті атанды. Мейіржанға мектебіміз зор үміт артып отыр және алдағы уақытта оған сәттілік тілейміз!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны