Қазан айының 15 күні Нұр- Сұлтан қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп- гимназиясында «І қалалық Сакен оқулары» сайысы өтті. Бұл сайыс қалалық «Астана Дарыны» орталығымен, Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай ұжымымен, Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау өте жоғары деңгейде, карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілді. № 38 мектеп –лицейдің қатысушы оқушылары қаланың 56 мектебінің ішінен үздік деп танылып жүлделі орындарға ие болды.

Мектебімізде 18.10.21-22.10.21 аралығында «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ» тақырыбында өткізілетін география, биология және химия пәндер апталығының жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқу клубында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей 10 "ә"сыныбында М. Әуезовтің "Абай жолы" романының 1-томын оқып жатырмыз. Оқуға құштар балалар мен ынтымағы жарасқан ата -аналармен бірлесе кітап оқу бір ғанибет.
Мектебімізде, мектеп президентіне үміткерлер арасында сайлау өтті. Сайлауға белсене араласқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
№74 мектеп- гимназиясында мектеп президентіне сайлауына мектебіміздің 7-11 сыныптары қатысып, сайлау қортындысы бойынша 155 дауыс жинап Сұлтанова Дария жеңіске жетіп, мектеп президенті атанды. Құттықтаймыз!
Апталықтың екінші күнінде Назгул Беузанқызы 5 Б сыныбымен әдебиет сабағынан ашық сабақ берді,оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар шығармадан құндылықтарды тауып, пайдалы қазбаларды атап, Асан қайғының асыл арманын ұғына білді.

Балалар мен жасөспірімдерді қауіпті жағдайлардан қорғау үшін олардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуын ата-аналары қатаң бақылауы тиіс.

Сәкен – сегіз қырлы, бір сырлы азамат болғаны, поэзия, проза, драматургия сынды әдеби жанрларда да, одан қалды музыкада да артына мол мұра қалдырғаны белгілі. Жыл сайын өтіп тұратын «Сәкен оқуларының» және «Сәкен әндерінің» мақсаты да оның шығармаларын жасөспірімдер арасында насихаттау, сол арқылы кемел азаматтарды тәрбиелеу.

Қалалық «Сәкен оқулары» байқауының «Сәкеннің сырлы әндері» ақын әндері номинациясынан 9 «Ә» сынып оқушысы Нұржанұлы Нұрсұлтан жүлделі 3-орын алды. Жетекшісі Ильясова Ләззәт Бақтыбайқызы.

15 қазанда №35 мектеп-лицейінің президент сайлауының үшінші кезеңі аяқталды. Іс-шара TED конференция форматында өтті. Үміткерлердің әрқайсысы басқа кандидаттардың бағдарламаларынан ерекше болатын өз бағдарламасын ұсынды. №35 мектеп-лицейінде дауыс берудің 2 кезеңінің қорытындысы бойынша 10 "В" сынып оқушысы Горлов Данил президент сайлауында жеңіске жетті.

Боксшылар ашық турнирден жүлделі болып қайтты. Мектебіміздің 7 «А» сынып оқушысы Нұржанұлы Нұрхан 58 кг салмақта, бокстан жүлделі 1-ші орынды алып келді.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны