Мәдениет министрлігі биылғы жылды Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылы деп жариялағандықтан, әдебиетшілермен кездесу бұрынғыдан да өзекті және қажетті іс-шара болып табылады.

«Тіл-ақылдың өлшемі » атты айлықтың қорытындысы

"Қазақ халқының этнопедагогикадағы ерекшеліктерінің этнопсихологиядағы рөлі" жобасы
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының № 35 мектеп-лицейінде мектепішілік Сәкен оқулары байқауы өтті. Байқау еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы, «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» аталған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақынның шығармалары арқылы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, оқушылардың көркемсөз оқу шеберлігін дамыту, жас таланттарды қолдауды мақсат етті.
Оқушылар Сәкен Сейфуллиннің поэзиялық, прозалық туындыларын мәнерлеп оқып, әндерін нақышына келтіре шырқаудан сайысқа түсті. Байқауға 20 оқушы қатысты.
Ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуға арналған «Сыр сандықты ашып қара» номинациясында І орынды 8 «Б» сынып оқушысы Рамазанова Нұрайлы иеленсе, прозалық шығармаларын көркемдеп оқу бойынша «Қазақты қазақ дейік» номинациясынан 11 «Ә» сынып оқушысы Тақтаболатова Қарақат І орынды еншіледі.
Ал Сәкен әндерін нақышына келтіре шырқаған бұлбұл үнді жас әнші, 10 «Ә» сынып оқушысы Жәдігерова Айзат болды.
Байқаудың өтілуіне қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Серікбаева Арайлым Қыстаубайқызы жауапты болды.
Нұр-Сұлтан қаласы Астана Дарыны ұйымдастырған "Менің кіші Отаным" жас тарихшылар 4 республикалық зияткерлік конкурсы қалалық кезеңінен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 48 мектеп-лицей 10 "Ә" сынып оқушысы Кеңесбай Думан және жетекшісі география пәнінің мұғалімі Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлы Алғыс хат грамотасымен марапатталды. Сайыс 6-11 қазан аралығында №11 мектеп-лицейінде қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып оффлайн режимде болып өтті.
Оқушылaрдың өзін-өзі бaсқaру ұйымы aрнaйы құрылғaн жоспaрды негізге aлa отырып жұмыс істейді.

2019-2020 оқу жылынан бастап оқу жүйесіне Қазақстан Радиоспорт және Радиоәуесқойлық Федерациясымен серіктестік жасай отырып, 6-10 – сыныптарға арнап , «Радиотехника және радиопеленгация» үйірмесі жүргізіле бастады. Үйірме замануаи радиотехника құрылғылары бойынша оқушылардың өз бетінше ізденіп жұмыс жасауына арналған үйірмелердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Үйірме барысында оқушыларға аталған сала бойынша яғни, радиотехника және телекоммуникация, радиопеленгация элементтеріне шолу жасалды. Үйірменің негізгі қажеттілігі - радиотехника және телекоммуникация саласында үрдістердің терең практикамен байланыстырыла зерделенуін келтіруге болады. Соның нәтижесі ретінде биылғы 2021-2022 оқу жылында осы «Радиотехника және радиопеленгация» үйірмесіндегі оқушылармен практикалық сабағын мектебіміздің директоры Баймұратова Бану Әлімжанова мен Қазақстан Радиоспорт және Радиоәуесқойлық Федерациясы президенті Асаубай Сейітқұл Жексенұлы , үйірме жетекшісі «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағында практикалық сабағын өткізіп қайтты. Сабақ барысында лездемелік сағаттар, тренингтер мен жарыстар өткізілді. Практика барысында байқағанымыз радиоспорт саласы бір орнында тұрмайтындығы ол әрдайым телекоммуникациялық желіде жаңа техникалық шешімдер, ақпаратты таратуда жаңа стандарттар пайда болып жататындығы аңғарылды. Сондықтан да осы практикалық сабақтарда, техникалық сұлбалардың құрастырылуы, негізгі қағидалары бойынша сұрақтар мен тапсырмалар квест ойынында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын көрсете білді.

«Haileybury» мектебінде ҚР есірткіге қарсы агенттігінің қолдауымен өткен волейбол жарысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің командасы 3-орын иеленді. Жарысқа 12 команда қатысып, үздікке ілінген үш команда Алматы қаласына жолдама алды.

Қазіргі замануи қазақстандық мектептерде жастар бойында жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру үшін білім беру үдерісінде білім беруді толық қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Мұндай жұмыстың тиімділігінің қажетті шарты - оның бірізділігі. Осы мақсатта білім беру жүйесінің барлық қатысушылары (оқушылар, әкімшілік, мұғалімдер, ата -аналар) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болуы керек. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын және білім берудің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- мектептің оқу жоспарына енгізілген. Қазақстанның әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықпен күрес - бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың парызы екенін түсінуі тиіс.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны