Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слёты басталды.

Слёттің мақсаты қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне назар аудара отырып, оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру болып табылады.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының мектептері арасында келесі номинациялар бойынша конкурстар өтеді:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы "Тик-Ток" қосымшасындағы үздік ролик;

"Адал еңбек-жарқын өмір" тақырыбындағы үздік сурет;

"Адал ұрпақ - Қоғамдық тәртіп негізі"тақырыбындағы үздік презентация;

"Адал ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбына үздік бейнеролик.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті аяқталғаннан кейін байқау номинацияларындағы жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталады.

«Адал ұрпақ» ерікті клубтарының жиыны жыл сайын өткізіледі және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытуға және оқушылардың бойында парасаттылық, адалдық және әділдік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – жалпыға ортақ іс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - жалпыға ортақ іс.

18 қыркүйек күні Word cleanup day 2021 акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілді.Сенбіліктің қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Мектеп ауласының санитарлық жай-күйін қалыпты сақтау мақсатында ұйымдасқан тазалық жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. #БіргемізтазаҚазақстан

#сенбілік2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слёты басталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті декадасы аясында Базылғаламова С.Б мен Ғылым С. «Тіл өшеді демеңдер, тіл өлмейді...»

атты дөңгелек үстел өткізді.

Мектепшілік кезең “Әдебиет әліппесі” оқулары 2-4 сыныптар арасында 27 қыркүйек күні ұйымдастырылды.
“Әдебиет әліппесі” оқуларының мақсаты: мектеп оқушыларының қиялын , эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, халық шығармашылығын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілетін арттыру, әдеби тіл байлығы , көркемсөз оқу шеберлігін ұштау.
2021 жылдың 27 қыркүйек күні ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізілді.

8-11 сыныптар арасында "Жемқорлыққа жол жоқ" тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: "Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық - ел ішіне білінбей кірген індет, жау. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз - қоғам. «Қоғам - өмірдің айнасы» дейміз. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да оқушылар бойына осы бастан жемқорлыққа жол жоқтығын түсіндіру міндетіміз. Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Ол әр азаматтың басты парызы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру,оны насихаттау ісі де ұшан-теңіз септігін тигізеді.

Ол үшін кез келген адам санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.

08.10.2021 ж Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның "Жасұлан" ұйымының Ұланбасының ұлықтау рәсімі өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында елордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» ұранымен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қалалық слёты басталды.
Ыбырай Алтынсарин- ұлы тұлға
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны