Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жабылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке біздің оқушыларымыздың мемлекеттік қазақ және ана тілдерін құрметтеуге, Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Ол еліміздің түрлі этностарының тілдері мен дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етеді".

Түбі Түркіден тараған қазақтың сан қырлы қасиетінің жауһары - ана тіліміз. Тілін тіршілігінің тірегі, жерін, отанын тұтас ғұмырының мәні деп ұғынған ата-бабаларымыздың ұлы мирасы - ана тілімізді ардақтау бүгінгі ұрпақ біздің мойынымызға жүктелген міндет екенін ұғыныумыз керек. Ана тілімізді қадірлеу өткенімізге, тарихымызға деген терең сүйіспеншіліктің белгісі болмақ. Осы мақсатты ұстанған №78 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігі апта бойы әртүрлі іс-шаралармен ана тіліміздің салтанатын асырған еді, бүгінгі тіл мерекесіне орай жабылуын да жарқыратып тұрып өткізді. Көңілге ой салатын көрініс пен басталған салтанатты шара оқушылар оқыған, Отан тақырыбындағы өлеңдер мен, күй-әндермен ұласып барып аяқталды. Жас та болса тіліне деген құрметі үлкен оқушылардың ертеңгі еліне деген көзқарасының дұрыстығына сенім білдіре отырып, мектеп әкімшілігі тарапынан марапатталды. Тілге құрмет - елге құрмет. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болғай. Мәнерлеп оқу, эссе жазып, көрініс көрсеткен, үздік оқушылар марапатталды.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, достар, туыстар, әріптестер, отандастар 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық халық санағының негізгі кезеңі басталғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Сізден сілтеме бойынша онлайн форматта санақтан өтуді сұраймыз https://sanaq.gov.kz/. барлық сұрақтар бойынша 1446 телефонына хабарласыңыз (қоңырау шалу тегін).

Соңғы күндері 1446 байланыс орталығына санақ парақтарын толтыру кезінде түрлі себептермен отбасы мүшелерін (балаларды, ата-аналарды, туыстарды және т.б.) қосуды ұмытып кеткендер мен ҚР аумағында уақытша тұрамын деп көрсеткен респонденттер жиі хабарласуда.

Егер тіркелген әр санақтан өткен респондент санақ парағына өзгеріс енгізуді қаласа, байланыс орталығына немесе аймақтардағы жауапты тұлғалардың телефондарына хабарласу қажет (тізім sanag.gov.kz сайтында көрсетілген).

Байланыс орталығына хабарласқаннан кейін респонденттерде үй шаруашылығы (отбасы) мүшелерін қосу уақытша тұрағанын көрсеткен азаматтар үшін тұрақты тұратынын белгілеп, 3-И санақ парағын өзі және қосылған отбасы мүшелері үшін толықтыру мүмкіндігі болады.

Бұдан бөлек, анкетаны қазанның 1-30 аралығында үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегімен де толтыруға болады.

https://sanag.gov.kz/

Нұр-Сұлтан қаласы, №63 мектеп-гимназиясының директоры Мәди Серікұлының бастамасымен Қазақстан халықтарының Тілдер күніне орай ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қашқынбаев А.Н. және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ғылыми ақпарат бөлімінің басшысы,педагогика ғылымдарының кандидаты Қалиев Ж.Н. «Алаш зиялылары және ұлт тілі». тақырыбында кездесу өтті. Дөңгелек үстел барысында қонақтарымыз қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларымыздың өнерін тамашалады. Кездесу соңында ғалымдарымыз өздерінің жарыққа шыққан кітаптарын сыйға тарту етті.
Нұр-Сұлтан қаласы №29 орта мектебі 10.09.2021-15.09.2021аралығында, «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында іс-шара өткізілді. 1-11сынып оқушылары Отбасы күніне орай видео- презинтация жасап, ғаламтор, инстограм желісіне жұмыстары салынды
"Тәуелсіздік жетістіктері" атты оқушыларға сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында отан сүйгіштік сезім ұялату, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктермен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата- бабаларымыздың ерлігін паш ету, бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егеменді даму туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Бүгін 18.09.2021ж. Бүкіл әлемдік тазалық күніне және "Бірге-таза Қазақстан!" республикалық экобастамасына арналған жалпықалалық сенбілік өтті. Мектебіміздің ауласына тазалық жүргізілді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар",- деген мақалға сүйене отырып, сенбілікке белсене қатысқан ұстаздарға үлкен рахмет айтамын.
Адам мен табиғат - егіз ұғым. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ

1- 11 сынып оқушылар арасында Отбасы күніне, "Отбасы- бақытың кілті" атты сынып сағаты өтті. 1-7 сынып оқушылары қабырға газетін шығарды. 8- 11 сынып оқушылары эссе жазды.

Отбасы - құрмет пен ынтымақтастық, сыйластық пен жарастық орнаған орта. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала.Балаға әлеуметтік- мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру жалпы өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әке - шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбиелі болып өсуге берекелі, мерейлі отбасының әсері мол.Сондықтан қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, босағамыз берік болғай.

Отбасы - құрмет пен ынтымақтастық, сыйластық пен жарастық орнаған орта. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала.Балаға әлеуметтік- мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру жалпы өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әке - шешенің ең маңызды міндеті. Тәрбиелі болып өсуге берекелі, мерейлі отбасының әсері мол. Сондықтан қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған Отбасымыз аман, шаңырағымыз биік, босағамыз берік болғай.
Қай заманда да, қай ғасырда да тіл үшін күрес - күрестің ең ұлысы. Өйткені тіл мәселесі бір халықтың тұтас тағырын шешетін негізгі түйін. Сондықтан тілді рух, тілді тірі болмыс деп қарастырады. Тілсіз халық, жоғалған халық. Тәуелсіздіктің бүгінгі хал-қадірін ұғыну үшін де оның негізгі тірегі болған ана тілімізді ардақтау бәріміздің ортақ парызымыз. Осы мақсатта 17.09.2021ж. 78 мектеп-гимназиясында "Тіл үшін күрес - күрестің ең ұлысы" атты шағын танымдық кеш өтті. Кеш қонақтары - "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын, "Әдебиет порталының" әдеби шолушысы, дарынды журналист Арман Шеризат пен Республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегері Тоба Өтепбаев оқушылармен еркін сұхбаттасты. Тұжырымды ой айтылған бұл кештің оқушылар өміріне өз әсері болатынына сеніміміз мол. Өткізген пән мұғалімдері:
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны