2 - сынып оқушылары арасында "Ғажайып ғарыш әлемі " тақырыбында оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында ғарыш денелерінің макетін жасау сайысы қашықтан өтті.
Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу мақсатында 4- сынып оқушылары арасында " Бала Абай" атты Абай өлеңдерін жатқа айту байқауы өз деңгейінде өтті. Байқау жеңімпаздары 4 "Б"сынып оқушысы Мұратқызы Нұрай, 4 "Г" сынып оқушысы Рахимжан Ілияс сынып жетекшісі Оралды Алтынай және
4 "Ә"сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Нұрислам сынып жетекшісі Аубакирова Маржан Қалтаевна жүлделі 1- орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Жаратылыстану бірлестігі апталығы аясында ұйымдастырылған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің География пәнінің мұғалімі Иманүсенов Нұрлыбек Амандықұлының ұйымдастыруымен өткен конференцияда Еуразия ұлттық университеті География кафедрасының профессоры, ғалым Сапаров Қуат Табылдыұлы "Топономика және оны зерттеу нысаны" тақырыбында 8-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізді. Мектеп оқушылары "Топономика зерттеу нысаны" туралы көп мәлімет алды, бұрыңғы көне атаулардың шығу тегі, атауын біліп, білімдерін жетілдірді. (Петропавл-Қызылжар, Павлодар-Кереку т.б.)
Конференцияға қатысқан оқушылар, әріптестер ғалымға өз алғыстарын білдірді!

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

Кәсіптік бағдар беру, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады. Кәсіптік бағдар беру-қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде.

Аталған міндеттерді жүйелі түрде орындау мақсатында ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ мен №37 мектеп-лицейінің түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Университет өкілі, дайындайтын мамандық түрлерін оқушыларға презентациялап толық ақпарат берді. Кездесуде оқушылар сұрақтар қойып, өздерінің қызығушылықтарын білдірді. Оқушыларымызға мамандық таңдауға септігін тигізген ҚЭҚХС университетіне алғысымызды білдіреміз.

https://m.facebook.com/groups/astana37/permalink/1101584350323704/

21.04.2021 күні 7, 8, 9 сынып оқушыларымен химия пәнінен сыныптан тыс іс- шара, Евразия Ұлттық университетінің студенттерімен бірлесіп өтті. Окушыларды 2 топқа бөліп, жарыс түрінде өтті. 1 топ басшысы 7А сынып оқушысы Амзеева Нұрсипат, 2 топ басшысы 8Г сынып оқушысы Амалбек Ақерке болды. Осы жарыста 1 топ жеңді 90 балл жинап, ал 2 топ 50 балл жинады. Жарыс онлайн болды. Барлығы 35 оқушы қатысты. Окушыларға қызықты болды. Осындай Евразия Ұлттық университеті мен мектеп арасындығы бірлескен жұмыс жалғасуда.
Бүгін 7-сыныптармен "Сәкен Сейфуллин мұражайына саяхат" жасалды. Ата-аналар тарапынан қолдау тауып оқушылар сағат 10:00-12:00 аралығында мұражайға барып келді. Сәкен Сейфуллиннің Қазақ халқына сіңірген еңбегі зор, (Киргиз) деген атауды Қазақ деген атауға қайтарып берді. Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ, балалар өз көздірмен көріп, танысып, ұғынсын деген мақсатта мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Бабаларымыз ұлт азаттық жолында өз жандарын құрбан етті.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№78 мектеп-гимназия" КММ технология пәні мұғалімдері - Бекзан Асылбек және Атыбай Ләззат Әбділдақызы "Еуразиялық дизайнерлер одағының" мүшесі болып, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Мектеп ұжымы шын жүректен әріптестерімізді құттықтайды!
Мектебіміздің жас маманы Мұздыбай Дастан Қасенұлы lll орын жеңіп алды
19-29 сәуір аралығында Жаратылыстану апталығы аясында 20.04.21 ж. "Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай үйіне онлайн саяхат" 7 "Е" сыныбымен және ұстаздармен 14:30-15:00 аралығында Зум платоформасымен ұйымдастылды. Оқушылар құнды мәліметтер алып, Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы және шығармаларымен танысты, ұлт ұстазының қазақ халқына сіңірген еңбегі көп! Ұйымдастырушы Нұрлыбек Амандықұлы.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны