10 наурыз 2021 ж Нұр-Сұлтан қаласының № 64 мектеп- лицейінде «Тиімді әдіс – тәсілдер арқылы функционалды сауаттылықты арттыру» атты қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинарды мектеп директоры Б.А. Баймуратова сөз сөйлеп ашты.Мұғалімдердің іс- тәжірибе алмасу сабақтары өз деңгейінде өтті.Семинарды Адибаева С.Б тренингпен ашып, Тилей С функционалды сауаттылық туралы баяндама жасады.1 « Ғ» сынып жетекшісі Сейдуалиева С «Ц дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті. 3 «Ж» сынып жетекшісі Ахмиева А.З «Синхронды сабақ өтудегі тиімді әдіс- тәсілдері» туралы өз тәжірибесімен бөлісті.Жаратылыстану сабағы бойынша «Жарықтың шағылуы дегеніміз не?» 3 « К» мұғалімі Зейнолла А.Р зерттеу сабағымен ой бөлісті. 3 «Ғ» сынып жетекшісі Бекежанова Б.Н « Онлайн сабақта ғылыми танымдық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» туралы зерттеу жұмыстары тақырыбында онлайн отырған оқушы зерттеу жұмыстарын қалай жасауға болатыны туралы тәжірибесімен бөлісті. 2 «К» сынып мұғалімі Б.М.Ахмедиярова «Асинхронды сабақ кезіндегі падлет тақтасын қолданудың тиімділігі» тақырыбында ойын ортаға салып, падлет тақтасы арқылы оқушының қызығушылығын арттыра отырып, оқытуға болатыны туралы айтылды.Семинардың соңындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Ш.Бапахова жас мамандармен «Оқушы білімін бағалаудағы балама тәсілдері» атты мастер класс өз деңгейінде өтті. Білім беруді жаңғырту орталығының бастауыш сынып әдіскері Н.К.Әзімбай кері байланыста семинардың тақырыбы қазіргі заман талабына сай өзекті екенін айтып, бүгінгі баяндамашыларға ризашылықтарын білдірді

11 Наурыз күні №35 мектеп-лицейінің 2 "Д" сынып оқушылары қуыршақ театрына барды.
Балаларды қуыршақ театрының мейірімді қызметкерлері жылы қарсы алды.Олар өте мейірімді сиқыршылар болып көрінді, балаларға шуақты көңіл-күй сыйлап, оларды ерекше қуыршақ әлеміне апарды.Оқушылар қуыршақтың үстел, қолғап және толық көлемдегі түрлері бар екенін білді.Балалар әзілдесіп-қалжыңдасты, биледі, жұмбақтар шешті.
Содан кейін олар «Алдар көсе» туралы ертегі қойылымына шақырылды, Қазіргі заманғы технологиялық әлемде Алдар көсе өзінің қағидаларына адал болып қалатыны туралы ертегі заманауи түрде көрсетілді.Балалар актерлік шеберлікке қызығушылық танытты. Олар ертегі жақсылыққа, әділеттілікке, жомарттыққа үйрететінін, ержүрек және ақылды болу керектігін түсінді.

"Qabilet"кәсіби бағдар бойынша "Пилоттық жоба" негізін қалаушылармен кездесу.

"Астана дарыны"дарындылықты дамыту мен психологиялық сүйемелдеу орталығындағы зияткерлік қабілетпен өзін-өзі кәсіби тұлға ретінде анықтауға бағытталған "Qabilet"кәсіби бағдар орталығы және #37 мектеп-лицейінің психологтары бірлескен жұмыс барысын 9,11 сынып оқушыларының ата-аналарына таныстырды. Осы пилоттық жобада біздің мектебіміз де бар. Жобаның жүйелі түрде жүзеге асырылуы үшін "Астана дарыны"дарындылықты дамыту мен психологиялық сүйемелдеу орталығы, бізді әдістемелік дисктермен қамтамассыз етті және сол әдістемелерге сүйене отырып 9,11 сынып оқушыларынан мектеп психологтары: "Профиль" қызығушылық картасы, "Оқушылардың көңіл-күйін анықтау", "Л.А.Йовайши", "Басс" проферентация тестілеу диагностикалары алынды. Әрі қарай ата-аналарды жұмыс жоспармен таныстырдық.

Сонымен қатар Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының Рейтингімен "Атамекен" жобалық кеңесінің менеджері таныстырды, "QOLDAU"қоғамдық бірлестігі өз жұмыстарын айтып өтті.

https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/1075316456283827/

«Адал мектеп – адал қоғам» тақырыбындағы тікелей эфир

«Antikor.Live» жобасы аясында

Нұр - Сұлтан қаласы "№78 мектеп- гимназия" КММ

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!

2020-2021 оқу жылында № 78 мектеп- гимназиясында 2075 бала білім алып жатыр. Мектепалды даярлық тобында 60 оқушы, бастауыш 1-4- сыныптарда 966 оқушы, 5-11-сыныптарда 1049 оқушы оқиды. Биылғы 2020-2021 оқу жылы жалпы білім беру саласындағы оқыту форматы екі форматта жүргізілді. Оның бірі қашықтан оқыту форматында болса, екінші «Кезекші» сыныптар арқылы жүзеге асырылды. «Кезекші» сыныптарға 1-4-сыныптар қамтамасыз етілді. 2-тоқсаннан бастап, «Кезекші» сыныптарға 5-сыныптарды қостық. «Кезекші» сыныптарда 31 сынып, 415 оқушы білім алды. 31 мұғалім жұмыс жасады.

3-тоқсаннан бастап, штаттық режимде 50 сыныпта 1300 оқушы оқиды, 1-5 сыныптарда 85 мұғалім, 9,11-сыныптарда 39 мұғалім жұмыс жасап жатыр. санитарлық - эпидемиялогиялық ахуал ескеріліп, шектеу іс-шаралары кезеңінде оқушылар мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етілген, ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқтығын және сабақтарға ыңғайлы киімде қатыса алатындығы айтылды.

Мектепте оқушылармен бірге ата-аналармен де тығыз байланыста жұмыс жасалып, іс –шаралар жүргізіліп отыр. Соның бірі оқушыларымызға әлеуметтік қолдау көрсету. Ағымдағы оқу жылында мектебіміздің 84 отбасы көп балалы отбасы болып тіркелген. 258 оқушы көп балалы отбасынан, аз қамтылған 27 отбасынан 48 оқушы, 112 толық емес отбасынан 958 оқушы анықталып отыр. Сонымен қатар сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар 2 «Ғ», 3 «Ғ», 4 «Ғ» сыныптарында 20 оқушы және денсаулық жағдайына байланысты 5 оқушы үйден білім алуда. Қамқоршы қарамағында 3 оқушы оқиды. 2020-2021 оқу жылында оқушыларға әлеуметтік санаттар бойынша біршама көмек көрсетілді.

Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін жаппай біліммен қамту «Мектепке жол» акциясында көп балалы, аз қамтылған, ата –анасының қамқорынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік санаттары бойынша балалардың мектепке дайындығын алдын алу үшін көмек көрсету мақсатында жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында Жалпы білім беру қорынан 126 оқушыға 40000 (қырық мың) теңгеден көмек көрсетілді.

Пандемия кезінде Жалпы оқу жылының басында қашықтықтан оқытуда Білім басқармасы тарапынан берілген 250 ақпараттық техникалық құралдар оқушылар мен мектепте қызмет жасайтын қызметкерлерге де көмек ретінде беріліп отыр. Ноутбук VoVoLA - 170, Планшет SkYPACER - 30 , DeLE - 50 таратылды. 88 интернеттік роутерлер желісі берілді.

Санитарлық – эпидемиялогиялық талаптарды сақтау мақсатында мектепке төмендегідей қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Нур-Султан қаласы №29орта мектеп оқушылары, төтенше жағдайлар департаменті "өрт сондіру жане авариялык куткару жумыстары кызмети" мемелекеттик мекемесинин 1-мамандандырылған өрт сөндірү бөліміне серүендеп қайтты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны