25 қазан күні Балаларда бейімделу үрдісінің жайлы өтуінде ата ананың рөлі және балаға психологиялық қолдау көрсету жалпы ұсыныстармен ашық есік күнінде жиналыс өтті

“Республика күні” құрметіне №43 ҚББ мектеп орталығында мұғалімдер мен ұстаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.

Концертті мектебіміздің директоры Такебаев Р.М. құттықтау сөзімен ашып, мектебімізге мерекемен құттықтап келген №104 мектеп директоры Жагабаев Н.К. жылы лебізімен жалғасын тапты.

Концерт соңында барша мектеп ұстаздары қазақ елінің екінші әнұранына айналған “Атамекен” әнін бірге орындап, залда қазақ рухының әуені шырқалды

https://www.instagram.com/reel/DBgRA0tid0R/?igsh=emtpOXFsZXZnODRo

Тақырыбы: "Кітап - сарқылмас рухани қазына" атты кітапханаға саяхат

Күні: 24.10.2024 ж.

Іс-шара: Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым ордасы. 24-қазан Кітапханашылар күніне орай 1 сынып оқушыларына "Кітап - сарқылмас рухани қазына" атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.Оқушылар кітапханамен таныстырылып, ережелері үйретілді. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптармен танысты.
Мақсаты: Оқырман санын арттыру, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру.
Өткізген: Кітапхана меңгерушісі -Ахметжанова А.Г. Сынып жетекшілер- Ниеткалиева А.Д.,Медет Г.

https://www.instagram.com/reel/DBfvexDCMX_/?igsh=MWE1aTFzcGZvbjRhNQ==

Тақырыбы: "Менің Отаным - Қазақстан" атты кітап көрмесі

Күні: 24.10.2024 ж.

Іс-шара: 25 - қазан Республика күніне орай "Менің Отаным - Қазақстан" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Қазақстан Республикасы күні мерекесінің тарихы», «Менің Отаным – Қазақстан», «Қазақстан еліне саяхат», «Менің елім – Қазақстан» және тағы басқа кітаптар қойылып, үзіліс кезінде оқушылар өздерін қызықтырған кітатарды алып оқыды.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу

https://www.instagram.com/reel/DBf-uB-CfKr/?igsh=MWgyOXIyZHRiZ3VhOA==

№43 қосымша білім беру мектеп орталығы “Менің-Қазақстаным” мегачелленджіне қатысуда

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны