Еліміздің елеулі мейрамдарының бірі “Республика күні” аясында №43 ҚББ мектеп-орталығы “Әнұран орындау” челленджіне қосылды.

«№43 қосымша білім беру мектеп -орталығында» 2024 жылдың 16 қазанында мектепішілік пәндік олимпиада 5-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Пәндік олимпиада төмендегі пәндер бойынша өтті:

Қазақ тілі мен әдебиеті (сонымен қатар қазақ тілі орыс сыныптарында, орыс тілі қазақ сыныптарында);

Қазақстан тарихы;

Орыс тілі мен әдебиеті;

Ағылшын тілі;

Математика;

Физика;

Биология;

Жалпы олимпиадаға 74 оқушы қатысты: 5- 6 сыныптар арасында – 27 оқушы; 7-8 арасында – 21 оқушы; 9-11 сыныптар арасында – 24 оқушы қатысты.

І орынды -21 оқушы; ІІ орынды -13 оқушы; ІІІ орынды -13 оқушы иеленді.

Аудандық кезеңге 22 оқушы жолдама алды. Пәндік олимпиадада ең көп таңдалған пәндер: ағылшын тілі (27 оқушы); қазақ тілі мен әдебиеті (14 оқушы); орыс тілі мен әдебиеті (11 оқушы);

Одан кейінгі пәндер: алгебра пәні (7 оқушы); химия -биология пәні (6 оқушы); физика пәні (3 оқушы); Қазақстан тарихы пәні (1).

Тақырыбы: «Кел,балалар,оқылық!» атты 20 минуттық кітап оқу жобасы

Күні: 21.10.2024 ж.

Іс-шара: “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында құрылған “Кел,балалар,оқылық!” атты 20 минуттық кітап оқу жобасы бойынша алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Бахтыбек Тоқсанұлы 10-11 сынып оқушыларына биыл 100 жылдығы аталып өтіп жатқан Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен қазақ елі үшін жасалған ерлігі жайлы баяндап, келе жатқан Республика күні үшін бұл еңбектердің маңызын атап өтті. Оқушыларды ата-бабаларын үлгі тұтып, олар жайлы кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.
Пән мұғалімі: Райымбеков Б.Т.

https://www.instagram.com/reel/DBaegw6imRQ/?igsh=b3M5ZHExOTByemY0

Мектеп ішінде өткен “Жемқорлыққа жол жоқ” бейнероликтер байқауында үздік танылып, республикалық байқауға жолдама алды.

https://www.instagram.com/reel/DBYrRI9MJO2/?igsh=bno4ajVkeW9kcmFt

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны