24 қыркүйекте бесінші сыныптар арасында мектеп психологы Сапаргалиева А.Б. және әлеуметтік педагог Турлыбекова Г.Х. «Эмоциялар дөңгелегі» тақырыбында тренинг өткізді. Қатысушылар өздерінің ең жақсы қасиеттерін қабылдау және жағымсыз сезімдерден хабардар болу маңыздылығын білді. Біз жағымсыз эмоцияларды жағымды тәжірибеге айналдыруға көмектесетін әдістерді талқыладық, сонымен қатар сезімдер арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын білдік. Бұл тренинг балалардың эмоционалдық дамуы мен өзін-өзі тануына маңызды қадам болды.

"Менін мектебім буллингке қарсы" такырыбы аясында мектеп психологы жене мектеп парламенті атынан бейнеролик. Буллинг - бұл жай сез немесе іс-ерекет емес - бұл уакыт өткеннен кейін кеп уакыт бойы адамдарда қалатын азап. Бірге тұрып, бір-бірімізді қорғайық. Мектепте ешкім өзін жалғыз немесе кауіпсіз сезінбеуі керек. Мейірімділік, кұрмет пен қолдау өшпенділіктен күштірек әлем жасайық. мектептерді барлық балалар үшін кауіпсіз жерлерге айналдырайық.

23 қыркйек күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының аясында, “Кәсіби біліктілікке бағдар” күніне орай мектебімізге арнайы танымал “Таңшолпан” бағдарламасының жүргізушісі, “Аққұс”, “Өмір өзен”, “Тағы бір тоқсан”, “Сержан братан” т.б. танымал жобалар мен сериалдарда басты рөлдерді сомдаушы Акимжан Бексултан қонақ болды.

Өзінің өмір жолымен, балалық шағының, жұмыс барысынан қызық та қиын сәттерімен бөлісе отыра, Бексұлтан - барша оқушыларға ағалық кеңесін айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, сүйікті мамандығыңмен айналысудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

Сұхбат барысында оқушылар өздерін көптен қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алып, өнерпаздың сөздерінен шабыттанып, болашаққа деген көзқарастарын нығайта түсті. Өзін өте еркін ұстаған өнер адамының арқасында, оқушылар да жақын тартып, ойларын ашық айтып, ортаны көңілді, ерекше жайлы атмосфера жайлады.

Бұл кездесу оқушыларға рухани шабыт, болашағына бағдар беріп, өздерінің өмірлік жолдарына кішкене де болса бағыт сілтей алғанына сенімдіміз.

Дәл осы күнде, өзінің алтын уақытын бөліп келіп, оқушылармен тәжірибесімен және бар білгенін ыстық ықыласпен жеткізгені үшін Бексұлтан Акимжан мырзаға @beksultan_akimzhan өз алғысысымызды білдіреміз!

21 қыркүйек, яғни, әр сейсенбі Денсаулық күні және “Біртұтас тәрбие” аясында барша мектеп оқушылары сабақ басталмас бұрын 5 минуттық дене гимнастикасына шықты. Есік алдында директорымыз Тагаев Р.М., тәрбие завучы Саттыбаева К.К. және дене шықтыру мұғалімдерінің қатысуымен оқушылар көңілді әуен үстінде дене қыздыру жаттығуларын жасап, ары қарай сабақтарына кірісті. Бастауыш сыныптарының алғашқы сабағы сергіту сәтімен ашылды.
Бұл іс-шарадан кейін оқушылар сабаққа белсене қатысқаны сөзсіз. Таңғы жаттығу бүгіндікке сергек жүрулері мен денсаулықтарының нығаюына өз септігін тигізгеніне күмәніміз жоқ

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны