Мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Әдеп” күніне арналған“Мектепте жүру әдебіне” байланысты видеоролик түсірді.

«№ 43 қосымша білім беру мектеп-орталығы» ШЖҚ МКК

Мекен-жай: Астана қаласы, Мичурино т/а, Бастау көшесі,2

Пошталық мекен-жайы: Z01A7D5 (010000) Мичурино т/а, Бастау, 2

Электрондық мекен-жайы:

shkola43@mail.ru

Телефон номері: 8(7172)298393

2024 жылдың 18 қыркүйегінде 7-10 сынып оқушылары үшін бала құқығы бойынша бірыңғай сабақ өтті. Сондай-ақ тәрбие завучы, психолог жане әлеуметтік педагогпен «Балалардың балалар кұқығы» такырыбында пікірталас өтті.

Астана қаласы #43 ҚББМО “Аналар мектебінің” мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Бұрымды қыз” челленджіне қатысты

Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде Кәсіптік бағдарлау күні оқушыларға оқыту бейіні мен болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде кәсіптік бағдарлау қолдау көрсету және қажетті қасиеттерді қалыптастыруға көмек көрсету мақсатында, № 43 ҚББ мектеп-орталығында әлеуметтік педагог және мектеп Парламенті мүшелерімен 5-10 сынып оқушыларымен «Кәсіптер әлемі» тақырыбында сауалнама-викторина өткізілді. Балалар қызықты түрде түрлі мамандықтар туралы көптеген жаңалықтар білді, жұмбақтар мен кроссвордтарды ашуға ынталы болды, блиц-сұрақтарға жауап берді.Мектеп кітапханашысы «Кәсіп арқылы табысқа» атты кәсіби бағдарлау көрмесін рәсімдеп, онда мерзімді басылымдар, кітаптар, кәсіптер туралы буклеттер қойылды.Оқушыларды «Туризм және қонақ үй бизнесі» мамандықтарымен таныстыру мақсатында 10ә сыныбында орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Саттыбаева Кулаш Кенжебайқызы «Туризм және саяхат» тақырыбында «Мамандық таңдау - жауапты қадам» атты зерттеу сабағын өткізді. Оқушылар топта жұмыс істеді. Оқушылар үш топқа бөлініп, әр топ жобаның тақырыбын таңдады: 1. Туризм мен саяхатқа байланысты қандай мамандықтар бар? 2. «Туризм және қонақ үй бизнесі» мамандығы туралы ақпарат табу Туристік агенттікті қалай жарнамалауға болады? Жарнама жасау. Топтар жобаларды әзірледі, қосымша материалдарды іріктеп алды, топта міндеттерді бөлді. Оқушылар туризм және қонақ үй бизнесі кәсібі, туризм және қонақ үй бизнесі мамандықтары еңбегінің мазмұны мен сипаты туралы өз түсініктерін кеңейтіп, кәсіптердің жеке қабілеттеріне және адам тұлғасының ерекшеліктеріне қойылатын талаптармен танысты. Күні бойы өткізілген барлық іс-шаралар балалардың кәсіби қызығушылығын дамытуға, сондай-ақ оқушылардың кәсіп әлемі туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

Балалар - біздің болашағымыз. Біздің болашағымыз дені сау болуы үшін балаларға бала кезінен салауатты өмір салты дағдыларын үйретіп, оларды өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу, спортқа үйрету қажет.

№ 43 ҚББ мектеп-орталығында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сейсенбі, яғни, 17 қыркүйек күні Денсаулық күні өтті. Күн дене жаттығуынан басталды.

«Колибри» тобының және спорт секциясының оқушылары флешмоб ұйымдастырды. Сабақтарда физминуттар өткізілді.
Бастауыш сынып пен 5-6 сынып оқушылары үшін дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Д. Ельев пен Р.А. Гуреев «Көңілді старт» өткізді. Балалар екі үлкен командаға бөлініп, спорттық тапсырмаларды сапалы, жылдам және епті орындауға тырысты. Жарыс бағдарламасы мазмұнды болды. Оқушылар барынша жинақылық, эмоционалдық тұрақтылық, ерік-жігер көрсету қажет болатын жағдайларда өздерінің қозғалыс, шығармашылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік алды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны