Жаңа апта әдеттегідей әнұранмен басталып, “Әдеп” күніне байланысты әр сыныпта сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатының аясында “Әдеп” сөзінің мағынасы ашылып, әдепті,тәрбиелі адамның бойынан табылатын әр қасиет талқыланды. Мектеп парламентінің басшылығымен оқушылар арасында қоғамдық орындар мен көпшілік ортада өзін-өзі ұстау әдебі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық күніне арналған “Дені сау ұрпақ” атты спорттық іс-шара өтті. Іс-шара 5 минуттық жаттығумен басталып, артымен флешмобпен жалғасты. Оқушылар ата-аналарымен отбасылық жарысқа қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Оқушылар арасында спорттық ойындар ойнатылып, үздіктері анықталды.

«№ 43 қосымша білім беру мектеп-орталығы» ШЖҚ МКК

Мекен-жай: Астана қаласы, Мичурино т/а, Бастау көшесі,2

Пошталық мекен-жайы: Z01A7D5 (010000) Мичурино т/а, Бастау, 2

Электрондық мекен-жайы:

shkola43@mail.ru

Телефон номері: 8(7172)298393

Тақырыбы: «Отбасы - бақыт мекені» кітап көрмесі

Күні: 09.09.2024 ж.

Іс-шара: 8-қыркүйек Отбасы күніне орай мектеп кітапханасында "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.Оқушылар үзіліс уақытында көрмедегі ата,әжелері, ата-анасы,бауырлары туралы қызықты өлеңдер мен әңгімелерді оқыды.
Мақсаты: Отбасы құндылығын дәріптеу, оқуға қызығушылығын арттыру.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны