ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ ОНЛАЙН ОТЫРЫСЫ
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейде педагогикалық ұжыммен онлайн отырыс өтті. Жиналыстың күн тәртібі бойынша төмендегідей мәселелер қаралды:
• Педагогикалық әдеп ережелері. – Педагогтердің құқықтарын қорғаужәне педагог әдеп мәселелері кеңесінің төрайымы Мантиева К.Э.
• «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарымен таныстыру. - Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ахметова Г.О.
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың негізгі ережелері. - Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тулеуова Г.Д.
Онлайн отырыс барысында аталмыш мәселелер аясында педагогикалық ұжымды толық ақпараттандыру жұмысы жүргізіліп, мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан шығарылған 2020 жылдың 13 тамызындағы №71 бұйрығына сәйкес, педагогтердің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кенес құрылды. Мектебіміздегі аталмыш Кеңес төрайымдылығына Мантиева Куляш Эсалиевна педагогикалық ұжымның қолдауымен сайланды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии