Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Қош келдің Наурыз" мерекелік іс - шарасы ұйымдастырылып, барлық оқушылар белсене қатысты.

Наурыз айының алғашқы мерекесі – Алғыс айту күні болса, еліміздің батыс өңірінде  14 наурыз «Көрісу күні» мейрамы аталып өтеді. Бұл – Наурыз мерекесінің бастауы. Қыстан аман-есен шыққан жұрт бір-бірімен қуана көрісіп, мәз мейрам болады. Жеті дәмнен дайындалатын наурыз көженің дәмін татып, бір-біріне ізгі ниеттерін білдіреді.

Біздің білім ордамызда да Наурыз мерекесін тойлау жыл сайынғы дәстүрге айналған. Осы жылы да ұстаздарымыз бен оқушыларымыз, мектеп ұжымы наурыз мерекесін атап өтті. Мектеп кітапханасында суреттер көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың өз қолымен салған суреттері ілінді. Әр сыныпта Наурыз мерекесіне орай, «Наурыз – думан» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Ән айтып, би билеп, өлең шумақтарын жаттап, өз өнерлерін ортаға салды. Сынып жетекшілері  салт-дәстүрлер мен ұлттық тағамдар туралы ақпарат беріп, наурыз мерекесінің шығу тарихына да тоқталды. Мектеп дәлізі ою-өрнектер бейнеленген әшекей бұйымдармен безендірілді. Мектеп ұжымы мен, оқушыларға, ата-аналарға мерекелік іс-шараға арналған онлайн концерт ұсынылды.

Баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын!
 

   


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны