Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Қазақтың қоңырауы – Ыбырай Алтынсарин" тақырыбында Республикалық онлайн конференция өткізілді

Алты алаштың білім шырағына ілім мен ғылымның қоңырауын алғаш соққан Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай өткізілген әдеби сазды кешімізге Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы - Шәкәрім Тойлыбайұлы, Қостанай өңірлік университетінің профессоры - Қалқаман Жақып, "Астана - Дарыны" орталығының директоры - Ғаждембек Қуанышұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының қызметкері - Алмагүл Наурызбайқызы, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері - Жанар Сейтахметқызы және Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері - Айсұлу Қуанышқызы қатысты.

Кеште  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі дайындаған  мектебіміздің жас актерлері  Ы.Алтынсариннің "Мұңсыз адам" әңгімесі желісі бойынша көрініс көрсетіп, бастауыш сынып оқушылары өлең оқып, ақын ұстазымыз Сауле Бөкейханқызы арнау оқыды. Әсіресе, көрініс көпшіліктің назарын аударды. Қонақтар кеш жоғары деңгейде өтті деп бағалады.  Ы. Алтынсариннің  мерейтойын, еңбектерін насихаттау, ұлықтау мақсатында ЮНЕСКО көлемінде тойлануына деректер, мәліметтер жинақтап, осы іске атсалысу жүктелді. Бұл біздің мектебіміз үшін үлкен  мақтаныш.

          Өнер жігіт көркі деп

          Ескермедік мақалды

          Біз болмасақ, сіз барсыз

          Үміт еткен достарым

          Сіздерге бердім батамды,- деп Ыбырай атамыздың өзі айтқандай бабалар артқан үмітті ақтау сіз бен біздің міндетіміз. Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ руханиятына қызмет ете берейік!


 

   

    


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны