2021 жылдың 27 мамыр күні ҚР БҒМ республикалық Қосымша білім беру мен оқу –әдістемелік орталығы және Білім басқармасының ұйымдастыруымен №15 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы парламент президенті Кендирова Жұлдыз Республика мектептерінің парламент президенттерімен бірге Білім және ғылым министрлігінің кеңесшісі Шер Райса Петровна, Білім және ғылым вице –министрі Каримова Шолпан Таңатқызы және Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі қызметкері Сайын Аружанмен кездесті. Кездесуде өте көп мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Осы кездесуге қатысқан мектеп парламентінің президенттері мен мектептің тәрбие ісінің орынбасарлары өз істеріне жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақ тәрбиелеу алдында үлкен парыз бен жауапкершілік тұрағаны туралы айтылды. Кездесуде мектеп өмірін қызықты өткізуге, оны жақсартуға және әртүрлі өзгерістер енгізуге болатынын және осындай кездесулер жиі болып тұру керек екенін Шер Райса Петровна өз сөзінде айтып өтті. Кездесуден оқушылар өздеріне өте тартымды да қызықты әсер алды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны