Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ел рәміздері - ел рухы

Жаңа негізгі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысыныңда алғашкы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі-елдің туын, елтанбасын, әнураның сайлап алу.Өйткені, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады. Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол-көтерген туы мен елтанбасы, асқақтата әуелеткен әнураны. Еркіндікке ұмтылған елдердің бәрі де өз дауысымен сөйлеуды, өз үнімен жар салуды армандайды. Сол жұлдызды сәт туған кезде өз болмысымен тіршілік кешу мүмкіндігі пайда болганын, саяси бостандық алғанын шын сезінеді. Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін,айрықша арман-аңсарын,басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.
            Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тарихы бар. Президент Н.Назарбаев 1992 ж 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалықредакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды. 6 маусым күні астанадағы Абай атындағы опера және балет театрының әсем ғимаратында тәуелсіз еліміздің тұнғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент үйінің төбесіне Ту көтерілді. Елтаңба орнықты, егемен ел аспанында әнұран әуені асқақтады. Алты ай өткен соң, 1992 ж. 11 желтоқсанда, Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.
Выставкада : Е.Ш. Шаймерденов «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері», «Елтану әліппесі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны», Бакыт Каирбеков «Символы нашей Родины», кітаптар орналасқан.
Орындаған кітапхана менгерушісі: Айдарлинова Н.Ю.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны