2021 жылдың 24 маусымында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Нұр-Сұлтан қаласындағы №48 мектеп-лицей арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Екі жақты жасалған келісімшартқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен Нұр-Сұлтан қаласындағы №48 мектеп-лицей директоры Зәуре Садықова қол қойды.
Келісімшартқа қол қою барысында ЖОО атынан университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы: «№48 мектеп-лицейі ұжымына алғыс білдіре отырып, сауатты, сұранысқа ие мамандарды даярлауда бірлесіп жұмыс істейік» деген ойын білдірді.
Меморандумға қол қоюдың мақсаты: оқушылардың кәсіптік жоғары білім алуы үшін дайындықты бірлесе отырып күшейту; жалпы ортақ және жоғары білім беру мекемелерінің интеграциясы; шығармашылық даму мен оқушылардың зияткерлік дамуына жағдай жасау; қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білімді тереңдету.
Мамандарды дайындау сапасын арттыру жөніндегі келісімшарттың екі жақты да күші бар. Сондықтан да бұл орайда жалпы білім беру мектептері мен жоғары оқу орындарының тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі аса маңызды саналады.
Ең бастысы, жоғары білім беру мекемелерін бітірген бүгінгі талапкерлер ертеңгі күні өз елінде үлкен сұранысқа ие болатын мамандарға айналатыны қуантады. Жиын соңында университет басшысы мектеп директоры Зәуре Садықоваға ЖОО атынан алғыс білдірді.
* Ақпарат https://www.enu.kz/ сайтынан алынды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны