Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары

2021 жылдың маусым айының 1 мен 30 арасында, Т. Айбергенов атындағы #16 орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары "Жасыл ел"  жастар еңбек жасақтары бағдарламасына қатысты. Бұл бағдарламаның мақсаты - экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны аялау. Бағдарлама «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген философияны өс­ке­лең ұрпаққа ұғындырып, жазғы де­малыстарын босқа өткіз­бей, жұ­мыс істеп, қосымша қаржы табуға мо­лынан мүмкіндік тудырды. Аталмыш бағдарлама ая­сын­да еңбектеніп жүрген жастар мектеп маңын, арық бойларын тазалап қана қой­май, футбол алаңдары ауласында тазалап, қураған ағаштарды ке­сіп, тасжол жиектерін әктеу сияқты игілікті іс жасау барысында үлкен бел­сенділік көрсетті. Маусым  айында жасақшылар тынбай жұмыс жасады. «Таза болса маңы­мыз, сау болады тәніміз» деп атам­ қазақ айтпақшы, «Жасыл ел» жа­сақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септігін тигізді. Бағдарлама барысында оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапты болған мұғалімдер: Абдрахманов Ермек Зейнуллаевич және Абеуова Айдана Қалабайқызы.#жасылел2021 #жасылеластана #жасылелнурсултан #жасылел16ортамектеп

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны