2021 жылдың 29 маусымы күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұлт ұстазы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдыіына арналған «Жаңа шынайы өмірдегі білім беру» жобасы аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» тақырыбында ZOOM платформасында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысып, өзімізге жасанды интеллект туралы құнды ақпарат алдық.
Жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді? Оқу процесінде мұғалімнің рөлі өзгере ме? Педагог – жасанды интеллект тандемінде ынтымақтастық қалай құрылады? Осы және басқа да өзекті сұрақтарға отандық және шетелдік сарапшылар жауап берді.
Меніңше, жасанды интеллект мұғалімді ешқашан алмастыра алмайды, бірақ қандай жағдайда да, жасанды интеллектіні адамзат инновация құралы, жұмысты жеңілдетудің тәсілі ретінде ойлап тапқанын естен шығармаған жөн.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны