Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тілдер мерекесіне арналған ісшаралардың қорытындысы туралы МӘЛІМЕТ

«№64 мектеп-лицейі»
 Тілдер мерекесіне арналған ісшаралардың қорытындысы туралы
МӘЛІМЕТ
 №64 мектеп-лицейінде 6 қыркүйек күні Тіл мерекесіне арналған жоспарға сәйкес  қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ондыбаева А.К. ұйымдастыруымен қазақ әліпбиінің негізін қалаған тарихи тұлға Ахмет Байтұрсыновқа арналған  «Sòz – zerde»  квест ойыны 11 сыныптар арасында өткізілді. Ісшараның мақсаты – қазақ әліпбиінің атасы, ұлт ұстазы ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан терең түсінік бере отырып, оқушы білімін саралау, тіл біліміне деген ынтасын арттыру. Ойын шарттары бойынша ойыншылар 5 аялдамаға өтіп, әр аялдамадағы тапсырмаларды орындады.
  • АЯЛДАМА –СҰРАҚ – ЖАУАП
  • АЯЛДАМА – ЖАСЫРЫН ӨЛЕҢ
  • АЯЛДАМА- ҚАТЕ САНДЫ АНЫҚТА
  • АЯЛДАМА- АДАСҚАН СӨЗДЕР
  • АЯЛДАМА- ЖАЛҒАСЫН ТАП
 « Sòz – zerde»  квест ойынында оқушылар ұлы тұлғаны танытуда зерделі білімдерін көрсетіп, дайындықтарының өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Нәтижесінде 11 Б сынып оқушылары жеңіске жетті.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны