Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі
"Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі" тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Өту барысында: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшелігі туралы әдістемелік нұсқау хатпен, мектептегі қарым- қатынас модельімен таныстырды. Оқу жылының жоспары, тәрбие жұмысы, құқықтық бұзушылардың алдын - алу, әлеуметтік жағдайы бойынша оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамассыз ету т.б жұмыс барысымен таныстырылды. Мектеп директоры Ж. Жұмабекова ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Педагогикалық кеңес басында дене шынықтыру пәні мұғалімдері, ұстаздарға сергіту жаттығуларын жүргізіп, әр бірлестік арасында жеңіл атлетика бойынша жарыс өтті. Оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңес биыл ерекше таза ауада өткізілді.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии