Меню KDT

Новости

Главная Новости

Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі

Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі
Бүгін, мектебімізде Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Оператор ӨКМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе отырып «Менің өмірімнің экомектебі» жобасы көшбасшыларының қатысуымен «Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» атты республикалық деңгейде семинар өткізілді. Семинар барысында ең алдымен қонақтарымызды мектеп аймақтарымен таныстыру мақсатында экскурсия жасалынып, экологиялық ашық сабақ, сынып сағаты, экологиялық қойылым және шебер сынып өткізілді. Семинар қонақтары Экология, геология және табиғатты қорғау ресурстары министрлігінің өкілі Мырзабекова Жұлдыз Еслямбекқызы, «Оператор ӨКМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Хайрулла Кайраткали Сагынғалиұлы, «Білім беруді жаңғырту орталығының» басшысы Мадеев Сабыржан Маратұлы және қаламыздағы басқа да білім беру ұйымдарының басшылары болды, сонымен қатар Қарағанды, Семей, Теміртау, Петропавл қалаларынан үздік көрсеткіш көрсеткен білім ұйымдарының басшыларды да онлайн форматта қатысты.
Осы орайда мектебіміз «ЭкоАсар – игі істер науқанында» үздік көрсеткіш көрсетіп, I ДӘРЕЖЕЛІ Дипломмен және гринэйктер кітаптарымен марапатталды. Аталмыш науқанда оқушылар, мұғалімдер және ата-аналарымыздың бірлескен еңбегінің нәтижесінде 2698 ұпайға ие болдық. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Барша атсалысқан әрістестерімізге үлкен алғысымызды білдіріп, ары қарай шығармашылық табыстар тілейміз!

           

          



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны