Меню KDT

Новости

Главная Новости

Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру

2021 жылғы 30 қыркүйек күні «Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру» тақырыбында ата-аналармен педагогикалық консилиум өтті. Кіріспе сөзді оқу ісінің орынбасары Г. Абдильдина ерекше білімді қажет ететін оқушылардың оқу–тәрие үрдісінің ұйымдастырылуына тоқталып өтті. Психологиялық ахуал орнату кезеңімен педагог-психологтары Р.Сайлаубаева, А. Касымбекова «Танысу жаттығуын», «Менің баламның ерекшелігі» атты тренинг және дамыту жаттығуларын жүгізді.
⠀      Мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
        Мектебіміздің инклюзивті білім беру саласының үйлестірушісі Ж. Утебаева оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, инклюзивті білім алушы оқушыларға қоғамның көз –қарасын өзгерту, жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету, толық білім алуды ұйымдастыру, қоршаған ортаға бейімдеу, дені сау балалармен тең ұстау, өз-өзіне сенімін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті. Мектебіміздің логопед маманы А. Алимгожина ата-аналарға балаларына үй тұрмыс жағдайында үнемі қолданылатын фонетикалық дамыту жаттығуларын қалай жасауға болатындығын практикалық тұрғыда көрсетті. Оқушылармен логопед маман түзету-дамыту сабақтарын өткізеді, оқу материалын алдын-ала меңгеруді қадағалап отыратындығын айтып өтті. Педагог-ассистент А. Нұржанова ерекше білімді алушы оқушыға көрсетілетін көмектер жайында нақтылап айтып өтті.
       Қорытындылай келе ата-аналар өз ұсыныстарын білдіріп арнайы мамандарға ұсыныстарын білдірді.
       Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды жан-жақты, терең білімді, деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға жағымды көңіл–күй сыйлайтын, қарым-қатынастың жағымды жолдарын игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте терең біліктілігі қажет. Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, — ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. Оқушының мектеп өміріне бейімделуіне мектептегі психологиялық қызметтің үлесі зор.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны