Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ""№42 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының жоспарына сәйкес жіберілген хат бойынша 2-4 сынып оқушылары арасында I қалалық "Әдебиет әліппесі" байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға 2-4 сыныптар арасынан 32 окушы қатысты. Оқушылар байқау ережесіне сай 4 номинация бойынша өнер көрсетті.
1. "Өнер алды..." ертегіні мәнерлеп жатқа оку.
2. "Ойлан, тап" берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру.
3. "Алтын сақа" шығарманы жалғастыру
4. "Ақ желкен" шығармашылық жұмыс.