"Адал ұрпақ" клубының жұмыстары бойынша мақала
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыстары бойынша
Мақала
Мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының қызметі ұйымдастырылған. Өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңызды.
Мақсаты: Оқушылар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру. Оқушыларға рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбие беру.
Осы мақсатты жүзеге асыру аясында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұрады. Сонын ішінде клуб мүшелері арасында өткен дөңгелек үстел, сынып сағаттары, пікірталас, сурет байқаулары өткізілді. Барлық өткен іс-шаралар бойынша оқушылар жұмысы бағаланып, марапатталды.
Осы клуб жұмысы арқылы балаларды адамгершілігі мол, намысты азамат болуға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге, намысты азамат болуға, кісі ақысын жемеуге, ешкімнің ала жібін аттамауға тәрбиелейміз. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ-Мәңгілік Елдің кепілі.
Аға вожатый: Сайлау Т. С.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии