Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі.
Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
1 қазан күні мектебімізде Ұстаздар мерекесіне арналған іс-шаралар өткізілді.
Мектеп Парламенті мектеп мұғалімдеріне өз құрметтерін көрсете білді.
Мұғалімдерді 1-ші сабақтан бастап, жанды аллея жасап, шармен, әнмен қарсы алды.
Мерекелік концерттің I-ші бөлімінде мектеп директоры Бауыржан Қапарұлы ұстаздарды төл мерекесімен шын жүректен құттықтады. Ұстаздарды біліктілігі, педагогикалық таланты және көптеген жылдар бойғы еңбек еткен игі істерімен алғыс хаттар мен мадақтамалармен марапаттады.
II-ші бөлімінде ұстаздарға арналған шағын концерт болды. Шағын концертте мектеп оқушылары, Қамқорлық кеңесі, мектеп ұстаздары өз өнерлерін көрсетті. III-ші бөлімде мектебімізде жылда дәстүрге айналған, жаңадан келген мұғалімдер ұжым қатарына қосу мақсатында таныстыру кезеңі өтті.
Жаңадан келген мұғалімдер өздері туралы таныстырып, ант қабылдап, өз өнерлерін көрсетті, соңында кәсіподақ ұйымы атыннан шағын сыйлықтарды қабыл алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны