Меню KDT

Новости

Главная Новости

Құттықтаймыз!

Шахмат — логикалық ой өрісті машықтандыратын зияткерлік спорт түрі. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі саналады.

Шахмат – бұл тек ойын емес, балаларға көп қуаныш, ләззат сыйлайтын, ой санасының жетілуіне өте пайдалы құрал. Шахмат ойынын оқытудың бастапқы даму үдерісі балалардың даму қабілеттіліктеріне деген кеңістікті қалыптастыру, аналитикалық-синтездік қызметті, бағдарлау зейінін, ой-пікір қорытындысын қалыптастырып, баланы есінде сақтауға, салыстыруға, жинақтауға, өз қызметінің нәтижесін алдын ала болжауға, қажымаушылық, зейінділік, шыдамдылық, дербестік, икемділік, жинақылық, тапқырлық және т.б сияқты бағалы қасиеттерді қалыптастыруға үйретеді және көмектеседі.

Шахмат ойынын үйретудің мақсаты мектеп оқушыларының интеллектуалдық және тұлғалық дамуына жағдайлар жасау, жалпы мәдениетті қалыптастыру және шахмат ойынын үйрету арқылы мағыналы уақыттарды ұйымдастыру болып табылады.

Шахмат  үйірмесінің  жетекшісі  - Исаев  Сержан  Іздашұлы, Дойбыдан ҚР спорт шебері.

9-10 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында шахматтан квалификациялық турнир болды. Турнирға 48 мектеп-лицейінен екі оқушы қатысып жүлделі орындарға ие болды. Олар: Жұмабек Мадина 4 разрядка қатысып 1 орынды иеленсе, Қуатұлы Амирхан 5 разрядка қатысып ол да жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтай келе, алдағы уақыттарда да жеңіс тілейміз!







                Қазіргі таңда мектебімізде «Шахмат және ой дамыту» үйірмесі өз жұмысын жасап жатыр. Оқушылардың шахматқа деген құлшынысы өте жоғары деңгейде. Алдағы уақытта да жарыстарға оқушы дайындап, міндетті түрде жүлделі орындарды иеленеміз деп нық сеніммен айта аламыз.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны