ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК
ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК
Бүгін мектеп әкімшілігі, мектептің кіші қызметкерлері мен педагогикалық ұжымның қатысуымен қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке қатысқан барлық қызметкерлер карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып, мектептің ішкі, сыртқы аймақтарының тазарту жұмыстарына белсене атсалысты.
Сенбілік барысында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:
🌿 мектептің барлық аймақтары, спорт алаңының аймақтары мектеп ұжымының күшімен сыпырылып, тазаланды;
🌿 демалыс аллеялары орналасқан арнайы алаң ескі жапырақтан, қоқыстан тазартылды;
🌿 негізгі және қосымша мектептің 13 кіреберіс есіктері тазаланды;
«Біріге көтерген жүк жеңіл» демекші, бүгінгі сенбіліктегі барлық жұмысты ұжым болып бірге атқарыстық.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии