
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА
« ЖҮРГІЗУШІ-2021» БАЙҚАУЫ
Байқаудың мақсаты – оқушылардың зияткерлік және шығармашылық деңгейін ашу, сөз өнері жанрын танымал ету, мерекелік іс-шараларды жүргізетін дарынды балаларды анықтау;
Байқаудың міндеті: қатысушылардың шығармашылық деңгейін ашуға жағдай жасау, сахна жүргізушісі кәсібін насихаттау.
Өткізілу мерзімі және орны:
18 қазан 2021 ж. Сағат:12.00
(201 аудитория)
Іріктеу турына қатысушыларға міндетті түрде дайындап келу керек:
Өзін таныстыру «Мен жүргізуші боламын» визит карточкасы
(1 минут) Таныстыруды бағалау критериі: Мәнерлеп сөйлеу; тақырыпты дамыту қабілеті; сахнада өзін ұстай білу; сырт киімі (костюм); шығармашылықтағы қызықты жолы; бөлінген уақытты пайдалану мүмкіндігі.
«Лездік-сұрақ». Қазылар алқасы қатысушының сенімді және нақты жауабын талап ететін сөз сөйлеу тақырыбы бойынша сұрақтар қояды. Жауабында айқындық пен өзіне деген сенімділік, көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі бағаланады.
Қатысушы: 4-11 сынып оқушылары
87029706457
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны