Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте
Бұл өлең жолдары кітап туралы.
Егер кітап болмаса, сен рухани бай болмас едің. Кітап ел мен жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. Бар білім де, ақылдың сәулесі де кітаптан тараған.
Кітапханашы күні - бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні. Кітапханашылар бірнеше жылдар бойы халық қазынасы - кітаптарды қамқорлыққа алады. Кітапсыз біз оқып, әлемді және өзімізді танып, дамып, ғылым мен өнердің жаңа шыңдарына қол жеткізе алмаушы едік.
Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана – бұл ғылым жұмағы!!! Көп оқыған, көп білер!!!
Іс-шараны жаңа оқу жылында жаңа кітапханаға кіру мақсатында түсау кесу рәсімі өтті. Түсау кесу рәсімі Жаркенов Бауыржан Қапарұлына және қамқорлық мүшесі Елена Северинаға берілді. Іс -шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар және қамқоршылық кеңес шақырылды. Іс -шара жақсы атмосферада өтті, балалар кітапхана туралы, кітаптар туралы өлеңдер оқыды, «Балдәурен» вокалды ансамблі осы мерекеге орай тамаша ән айтты. Мектебіміздің әр пән бірлестік жетекшілерінің ұйымдастыруымен видеороликтер мен кітапханамызға кітаптарды сыйға тартты. Қамқоршылық кеңес мүшелеріде мерекеге өз тілектерін айтып, сыйлықтар табыс етті. Кітапхана қорына тамаша кітаптар сыйға тартылды.
ВИДЕОГА СІЛТЕМЕ

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны