06.10 күні Ж.Н. Тулебекова 4 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Неліктен әр жануарлардың қорегі әртүрлі болады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді қоюға оқушыларды тарта білді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар қойылып, «Диалог және қолдау көрсету» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. «Еркін микрофон» әдісі бойынша «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі әдіс –тәсілдерін тиімді пайдаланды. Барлық тапсырмалары білім алушының деңгейіне ескеріліп берілген. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
06.10 күні С.И. Эсаманова 2 «Ғ» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Немере» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында амандасу, психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында “ Өзім туралы” тренинг жүргізді. «Назар аудар!» тәсілі арқылы жаңа тақырыпты ашуға бағытталған видеоға назар аударта отырып,оқушылардың тақырыптың мазмұнын өздері ашуына жол ашты. Өлең авторы жайлы мәлімет беріп, өмірмен байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндірді. «Сөйлемді жалғастыр» ойыны арқылы жеке жұмыс жүргізіліп, оқушылардың жартылай ізденушілік қабілетін арттырды. Берілген озық міндеттер арқылы «Басқаға көмектесемін» әдісі бойынша деңгейлік тапсырма орындалды. «Тіл жанашыры ретінде ана тіліңді дамыту үшін қандай ұсыныс айтасың?» проблемалық сұрақты топта талқылап, топтар өзара пікірталасқа түсті.
“ Жеміс ағашы” әдісі арқылы кері байланыс жүргізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
06.10 күні Ж.Е.Нурсалимова жаратылыстану пәні бойынша « Алуан түрлі жануарлар» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Жануарлардың қандай дыбыс шығаратынын ажырату. Олардың дыбысы қалай таралатынын білу. Ғылыми мәліметтер бере отырып, оқушыларды өз ойларын дәлелдей білуге баулыды.Оқушылар электрондық оқулықтан берілген тапсырмаларды орындады. Жалпы сабақты меңгергендерін тексеру мақсатында формативтік бағалау жүргізіп, «Quizizz»ойынын ойнатып, нәтижесінде оқушылар өте жақсы тапсырып шықты.
Әдіс-тәсілдері: зерттеу, болжау, бағдаршам. Ойын технологиясы қолданылды. Барлық тапсырмалыры білім алушының деңгейіне ескеріліп берілген. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті.
07.10 күні А.М.Тлеубаева 3 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен « В дыбысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жылулық шеңбері арқылы бір-біріне тілек білдірді. Бағдаршам көздері арқылы бағаланып отырды. «Ашық микрофон» әдісі арқылы кері байланыс жасады. Оқушылар белсенділік танытып, құнды ойларымен бөлісіп отырды. Сабақты музыка пәнімен тығыз байланыстырды. Презентация арқылы берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар белсенділік танытты. БББ кестесі арқылы тақырып бойынша түйген білімдерін жазу тапсырылды, оқушылар кестемен жұмысқа толық кірісті. «Үш қадам»кестесін толтыру арқылы сабақты қорытындылады. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
07.10 күні М.Н.Канағатова 3 « Ғ» сыныбында дүниетану пәнінен " Адамдар не үшін еңбек етеді ?" атты ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Мемлекеттің, отбасының, жеке адамның дамуында еңбектің маңызы. Сабақта ең алдымен «Миға шабуыл» әдісімен өткен білімдерін тексерді. Ой қозғау кезеңінде ребус көмегімен жаңа тақырыпты ашты.
Кластер әдісімен топтық жұмыстар жүргізілді. Видеороликпен жаңа сабақты түсіндірді. Жұптық жұмыс кезеңінде еңбек туралы мақал- мәтелдер жазды.
«Ақылды үкі» әдісі арқылы сабақты қортындылады. Сабақ мақсатына жетті.
07.10 күні Л.А.Сланова 3 «З» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Жақсыдан үйрен. Малды пайдаға жарату» атты ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін , сөйлемді табу. Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Сәлемдесу, амандасу» ой серігін жүргізді. Жаңа сабқтың тақырыбын берілген озық міндеттер арқылы оқушыларды қатыстыра отырып айқындады. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, «Дүкенде ойыны», « Ойлан тап». «Ойды аяқта» әдісі арқылы кері байланыс жасады. Сабақ мақсатына жетті.
07.10 күні 4 “Ж” сыныбында А.У. Жаркинбекова әдебиеттік оқу пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: «Ғажайып бақ.» Мақсаты:өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру. Сабақтың барлық кезеңдері сақталып, білім алушылар рөлдік ойындарда, жеке жұмыста белсенділік танытты. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. «Еркін талқылау» әдісі бойынша ойтүрткі сұрақтар қойылып, оқушылар өткен және жаңа тақырып бойынша пікірталасқа түсті. «Ойды аяқта»әдісі арқылы сабақты қорытындылады. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
07.10 күні А.С. Орынбай 4 «Ғ» сыныбында әдебиеттік оқу пәні бойынша «Ғажайып бақ» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Мұғалім сыни тұрғыдан ойлау технологиясының жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне сай іс-әрекет жасауына жағдай жасады. «Алма ағашы» әдісін пайдаланып, кері байланыс жасады. Сабақ мақсатына жетті.
08.10 күні Р.М. Хамзина 4 «З» сыныбында математика пәнінен «Қозғалысқа берілген есептер» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ жаңартылған білім беру жүйесінің талабына сай құрылған. Барлық тапсырмалары білім алушының деңгейіне ескеріліп берілген.
Жұмыстар әртүрлі әдістермен өз үйлесімін тапты. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
08.10 күні Г.Құлбаева 4 “Ғ” сыныбында әдебиеттік оқу пәні бойынша “ «Ана тілім-дана тілім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Сәлемдесу, амандасу» ой серігін жүргізді. Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашты. Мұғалім слайд арқылы жаңа сабақтың мақсатын айқындап,тірек сөздер, бейнежазба арқылы өмірмен байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндірді. Сергіту сәті сәтті жүргізілді. Рефлексияда «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен қорытындылап, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ мақсатына жетті.
11.10 күні 2-4 сыныптар арасында «Әдемі жазу - өнер» көркем жазу байқауы өтті. Жауапты : Құлбаева Г.
Мақсаты: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Міндеттері:
- Жазу нақтылыққа баулиды;
- Жазу ойды жүйелейді;
- Жазу барысында көптеген идеялар туындайды;
- Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамытады.
Қатысқан сыныптар арасынан үздік оқушылар марапатталды.
12.10 күні 2 «Ж» сыныбында "Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға " атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту. Сынып сағатында тұлғаның өмібаяны мен қызметіне тоқталып, ағартушымен толық таныстырды. Топтық жұмыстармен қатар «Әке мен бала» атты сахналық қойылым болды.
Алтынсарин – қазақтың жарық шамы,
Ойлағаны аяулы халық қамы – деген өлең шумақтарымен сабақты аяқтады.
14.10 күні 3 «И» сыныбында М.Б.Жоламанова қазақ тілі пәнінен
«Ф дыбысы» атты ашық сабақ өткізді. «Ыстық лебіз», «Мозайка» әдісі арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылды. Сабақ барысында жаттығу жұмыстарын «Сиқырлы телефон», «СМС жазу» әдістерін пайдаланды. Оқушылар жеке, топтық тапсырмалар орындады. Саралау тапсырмалар берілді. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Барлық оқушылар сабққа белсене қатысты. Сабақтың қорытынды бөлімінде «Сиқырлы телефон» арқылы сабаққа кері байланыс берілді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
13.10 күні 2-4 сыныптар арасында «Әдебиет әліппесі» атты сайыс өтті. Сайыс 4номинациядан тұрды.
Жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.
І орын - 4«З» сынып оқушысы Мақымет Жалғас
ІІ орын - 3 «А» сынып оқушысы Қарымсақова Айзере
ІІІ орын -3 «И» сынып оқушысы Адияр Ерасыл
14.10 күні 3 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Ж.К.Кусаинова « Білімді оқушы – ел ертеңі» интеллектуалдық сайысын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру. Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу.
Пайдаланған құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, қоржын, асықтар.
15 қазан күні онкүндіктің жабылу салтанаты өтті. Онкүндіктің жабылу салтанатын бастауыш сынып бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.М. Утегенова жүргізді. Онкүндік қорытындысы бойынша белсенді оқушылар марапатталды.
Онкүндік аясында жоспарланған жұмыстар толық орындалды, өз мақсатына жетті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны