Тәуелсіздігіміздің 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктері аз емес. Солардың бірі — ұлттық теңгеміз. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің айқын көрінісі десек қателеспейміз. Еліміз 15 қарашаны да ерекше атап, «Ұлттық валюта күні» деп белгіледі. Осыған орай мектебімізде фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. 5-11 сынып оқушылары өздерінің оқу кабинеттерінде теңге, теңгенің тарихына байланысты фотосуреттер іліп, қызықты ақпаттармен танысты. Сурттердің арасынан ең үздік деп танылған фотосуреттер де болды. Кейбір оқушыларымыздың жұмысын осы суреттерден көрулеріңізге болады.