Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы

Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Сарқылмас қазынаны саф күйінде өскелең ұрпаққа табыстау бүгінгінің міндеті. Мектеп оқушылары арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау, өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру мақсатында «Qazaq epos» қоғамдық қорымен «Астана дарыны» ДДжПС орталығы бірлесіп, 6 – 10 сынып оқушылары арасында қараша айының 11-12 күндері «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңін өткізді. Бұл жоба Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» және Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аясында қолға алынған.
«Ер Едіге» жырын толық жатқа оқу, Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің негізгі тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беру, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән- мағынасын түсіндіру, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру сияқты байқау талаптарын сәтті орындаған оқушылар марапатталды.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны