«Екі жұлдыз» жарыста жарқырайды атты байқау
19 қараша күні Сырбай Мәулен атындағы №37 мектеп лицейінде мұғалімдер арасында «Екі жұлдыз» жарыста жарқырайды атты байқау өтті. Математика, информатика, физика бірлестігінің атынан жас, алғыр, талантты, әрі өнерлі Зарема Ақболатқызы мен оқушысы Голотойстрова Алина қатысып «Мама» әнін өте әсерлі орындап 1 орын алды.
Байқау шарттары бойынша өнерпаздарымыздың ән айтудағы интанация тазалығы және орындау шеберліктері жоғары деңгейді көрсетті. Сахна мәдениеті және орындаудың көркемділгі, әртістік , сахналық тартымдылықтары керемет үйлесімділікте болды. Бірлестік мұғалімдері әннің мағнасын ашатын өте мағналы қойылым көрсетті. Бір сәтте, бәріміз мәңгі жүрегіміздің төріндегі, бізді әлі бала санайтын анамыздан артық жанның жоқ екендігін ұғынғандаймыз! Ән өте әсерлі шықты барлық көрермендердің жүрегіне жетті. Математика, информатика, физика бірлестігінің пән мұғалімдері Батала Анеля Амангельдиновнаға, Джузбай Арай Данышбекқызына, Каражанова Назерке Талапбекқызына, Жүсіпбек Әсел Кабиденқызына, Тайымбетова Арайлым Каримжановнаға, Мұқашова Айнур Нұрқожақызына, Куралбекова Жадыра Пердебекқызына шексіз алғысымызды білдіреміз! Әдістеме бірлестің барлық қолдау көрсетіп, ат салысқан мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии