Семинардың мақсаты педагог қызметкерлердің білімі мен дағдыларының ауқымын кеңейту мақсатында тәжірибе алмасу болды. Семинарға жетекші және серіктес мектептер қауымдастығының мүшелері қатысып, мектептегі Lesson Study жұмысымен танысты.Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының жетекші мектептер әдіскері Миралиев Бауыржан Қойшыбекович, ПШО әдіскері Калиханова Шұғыла Ергалиевна, жетекші мектеп: 82 Дарын мектебі, серіктес мектептер: 85 мектеп-лицей, 84 мектеп-лицей мұғалімдері қатысып ой бөлісті. 84 мектеп-лицей мұғалімдері семинарда зерттеу сабақтарын көрсетіп, мұғалімдерге арналған шебер сыныптармен бөлісті.Алдағы уақытта ынтымақтастықтағы қауымдастық жұмыстың тиімділігіне көз жеткізген бұл іс-шара өз жұмысын жалғастырады.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны