Құттықтаймыз!
2021 жылдың 27-28 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Quantum STEM School базасында республикалық STEM олимпиадасы өтті. Сайысқа республиканың 12 облысынан оқушылар қатысты. Олимпиаданың ерекшелігі – инженерлік бағдарламалау мен робототехника ұштасуы болып табылады. Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Сәрсеке Еділ қатысып, І орынды жеңіп алды. Жетекшісі Мерәлі Нұрпейіс. Жеңісті күндеріміз мол болсын! Еділ, жарайсың!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии