Міржақып оқулары
2021 жылғы қараша күні мектепішілік "Міржақып оқулары" өтті. Шараның мақсаты ақынның шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне оқушылардың ықыласын арттыру. Міржақып оқулары үш бөлімнен тұрды:- Міржақып өлеңдерін жатқа оқу.- Міржақыпқа арнау.- Көркем сөз оқу. Алғашқы кезең "Міржақып өлеңдерін оқу". Үздік оқыған оқушылар марапатталды. 7 "Б" сынып оқушысы Ж. Сәрсенбай І орын, 7 "Ә" сынып оқушысы Ә. Әшірбек, 8 "Д" сынып оқушысы Д. Өтепберген ІІ орын, 5 сынып оқушысы Ж. ілияс, 6 "А" сынып оқушысы Т. Жеңісбекқызы және 6 "Г" сынып оқушысы Ә. Құрал ІІІ орынды иеленді. "Міржақыпқа арнау" кезеңі бойынша нәтижелер келесідей болды. 8 "Д" сынып оқушысы А. Тұрысбек І орын, 9 "А" сынып оқушылары А. Мұхаметқали, 11 "А" оқушысы А. Сәбит ІІ орын, 10 "Ә" сынып оқушысы М. Әшім ІІІ орынды иеленді.Соңғы кезең "Көркем сөз оқу". бұл кезең бойынша 11 "А" сынып оқушысы Д. Балтабаева, 6 "Б" сынып оқушысы Ж. Тұрсынбек ІІ орын, 7 "Б" сынып оқушысы А. Сәрсенғалиева ІІІ орынды иеленді.
Міржақып Дулатұлының 136 жылдығына арналған шара оқушылардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии