ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Отырысты Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Абдижалилов Атахан Усманханович жүргізді және күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылды:

2020-2021 оқу жылының есебімен және 2022 жылдың қаржылық жоспарымен таныстыру;

2022 жылдың штаттық кестесімен келісу;

Әртүрлі мәселелер.
Аталмыш мәселелер аясында баяндама тыңдалып, 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыс есебімен таныстырылды. Сондай-ақ, отырыс аясында кеңес мүшелері тараптарынан оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыра түсу туралы, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру аясында жұмыстар жасау туралы пікірлер ортаға салынды. Жаңа оқу жылындағы заманауи кітапхана мен жаңадан ашылған «Абай» және математика кабинеттері көрсетілді. Келесі жылға жоспарланып қойылған «Жас сарбаз», «Share» және заманауи спорт зал туралы да сөз қозғалды. Барлық сұрақтар аясында пікірлесіп, қосымша ойлар айтылып, отырыс соңында қамқоршылық кеңесі мүшелеріне жоспар бойынша жүктелген міндеттерін жауапкершілікпен атқару, кеңес мүшелерінің барлық проблемалық мәселелер бойынша іс-шараларға қатысуы туралы қаулы қабылданды. Бүгінгі отырысымыз пайдалы өтті деген ойдамыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии