Дебат - «Тәуелсіздік табыстары - 30 жылдық жетістіктер» және «Латын әліпбиіне көшудің пайдасы барма?»
Пікірталастың қарары (тақырыбы): «Тәуелсіздік табыстары - 30 жылдық жетістіктер» (Тәуелсіздікке 30 жыл) және «Латын әліпбиіне көшудің пайдасы барма?». Дебатқа 8 оқушы қатысты.Дебат АПФ форматында өткен болатын. Жарысқа «Заман талабы», «Алаш», «Жалынды жастар», «Кыран» атты 4 фракция сайысып, өз бақтарын сынады.Дебаттың төрешілері: мектебіміздегі директордың орынбасары Такебаев Р.М., Бикенова З.Х., Адильмуратұлы Айдос болды.«Жүйрік шабар, шабан қалар» демекші, жарыс бар жерде жеңу де бар, жеңілу де бар. Сөз соңында жарыс төрешісі Руслан Манарбекович: «Осы дебатта жеңіске жеткен пікірталасшылар болашақта мектебіміздің намысын қорғайтын Республикалық додаларға қатысуына тілектеспін» деген сенім білдірді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік грамоталар табыс етілді.Жеңімпаздар: 1 орын – «Жалынды жастар»;2 орын – «Алаш»;3 орын –«Заман талабы», «Қыран».Дебатты ұйымдастырушы: тарих пәні мұғалімі Сабырқұлова Алия Абдрасулқызы
.jpeg)

.jpeg)

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии