Б.К.Шаймерденова 19.11.2021ж.биология пәнінен 9 «А» сыныбында «Нефронның құрылысы мен қызметі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты ағылшын тілінде айтылды. Сабақ психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері» бүгінгі күнге тілек тілеуден басталды. Үй тапсырмасын «Анаэробты және аэробты тыныс алу» тақырыбын «Қар кесегі» әдісі арқылы қайталады. Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап, параққа сұрақ жазып, бір-біріне лақтырды. Сұрақтармен кезек-кезек алмасып (1-2-3-4-1) сұраққа жауап берді. Оқушылар ауызша мадақтау арқылы «good», «great», «excellent», «perfect», «well done» деп бағаланды. Ой шақыру, оқушылардың назарын шоғыраландыру, оқу мақсатын анықтауда «Стоп кадр» әдісі арқылы «Нефронның құрылысы мен қызметі» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Мұғалім жаңа сабақты интербелсенді тақтада слайд арқылы оқушыларды қатыстыра отырып түсіндірді. «Ойлан,жұптас,талқыла» әдісі бойынша оқушылар топтық жұмыс жасады. Олар топта өз ойларын бөлісіп,талқылау жүргізді, постерге жазып, ойларын тұжырымдап, қорғады. Оқушылар негізгі терминдердің ағылшын тілінде айтылуын және қазақша аудармасын жасады. Оқушылар топқа берілген бағалау парағы бойынша бағаланды. Сабақты қорытындылауда сәйкестендіру әдісі бойынша 1,2 тапсырма орындады. Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі арқылы жүргізіліп, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Р.А.Сулайманова 25 қараша күні 8 «Ә» сыныбында биология пәнінінен ашық сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы «Қан топтары».Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді қоюға оқушыларды тарта білді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар қойылды, оқушылар белсенділік танытты. Жаңа термин сөздер екі тілде таныстырылды. «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салды, пікір алмасты. Мұғалім «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылрға проблемалық сұрақ қойып, зерттеу арқылы ой-өрісін дамытып, ойын еркін жеткізу жұмысын жүргізді. Сабақта «Шынжыр» әдісін қолданып,оқушыларды ынтымақта,бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға жетеледі. Қан топтарын зерттеу барысында «Кластер» әдісін қолданды. «Өрмек» әдісі арқылы кері байланыс жүргізді.
Р.А.Сулайманова 24 қараша күні химия пәнінен 7 Ә сыныбында «Химия элементтеріне саяхат» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді. Бұл сайыс оқушылардың танымдық білімін тереңдетіп, алғырлыққа, тапқырлыққа,терең ойлауға және интеллектуалды қабілетін дамытуға бағытталды. Мұғалім психологиялық ахуал орнатып, сыныпты «Оттегі» және «Сутегі» топтарына бөлді. Сайыс 4кезеңнен тұрды.
I кезең «Ойлы болсаң, шешіп көр»,ІI кезең «Алтын сандық»,ІІI кезең «Кім жылдам?», ІV кезең «Жұмбақтар». Оқушылар тапсырмаларды қызыға орындап, белсенділік танытты.
Н.С. Нарбаева география пәнінен 24 қараша күні
8 «Ә»сыныбында «Климат және адам» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді қоюға оқушыларды тарта білді. «Кластер» әдісі бойынша әр топқа тақырып бойынша іздену тапсырмалары беріліп,топтар пікірлерін ортаға салды. «Еркін талқылау» әдісі бойынша ойтүрткі сұрақтар қойылып,оқушылар өткен және жаңа тақырып бойынша пікірталасқа түсті. «Ойды аяқта»әдісі арқылы сабақты қорытындылады.
Н.С.Нарбаева 19 қараша күні 5 «З» сыныбында «Кім жылдам?» интеллектуалды сайыс өткізді. Сыныпты «Жер» және «Күн» топтарына бөлді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы «Сұрақ бізден, жауап сізден» айдарымен басталды. Мұғалім сыни тұрғыдан ойлау технологиясының жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне сай іс-әрекет жасауына жағдай жасады. Сайыс барысында «Кластер» әдісін қолдана отырып, карта мен глобусты пайдаланып, жұмыс жүргізді. «Қар кесегі » әдісі арқылы «Кім жылдам?» ойыны тартысты өтті.
А.А.Ақжанова 19 қараша күні 8 «Қ» сыныбында «Жұқпалы аурулар және оларды алдын алу шаралары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім психологиялық тренинг арқылы сабақа ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды. Құрастырма сөздер арқылы оқушыларға жаңа тақырыпты өздерінің ашуына мүмкіндік туғызды. «Ойлан- тап»әдісі арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашты. БББ кестесі арқылы тақырып бойынша түйген білімдерін жазу тапсырылды, оқушылар кестемен жұмысқа толық кірісті. «Үш қадам»кестесін толтыру арқылы сабақты қорытындылады.
Айгүл Ақынғазықызы 23қараша күні оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелу мақсатында «Биология әлемінде» тақырыбында 8-сыныпта интеллектуалды-зияткерлік сайыс өткізді. Сайыста оқушылар тірі ағзалар және тірі табиғат жайлы меңгергендерін ортаға салып, өз білімдерін көрсете білді.
Н.А.Ақжанова 19қараша күні 10 «А» сыныбында «АТФ құрылысы мен қызметі» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетілді. Мұғалім жаңа сабақты интербелсенді тақтада слайд арқылы түсіндіріп өтті. «Ойлан,жұптас,талқыла» әдісі бойынша оқушылар топтық жұмыста постер қорғады. Quizlet сайтынан тапсырмалар орындады. Бекіту сәтінде оқушылар «Ортаға таста» әдісі арқылы алған білімдерін ортаға салып, қорытынды ой түйіні айтылды. «Алма ағашы» әдісін пайдаланып, кері байланыс жасады.
Мұғалім оқушылардың шығармашылық деңгейін шыңдай білді. Сабақ өз мақсатына жетті.
М.Рахат химия пәнінен 24қараша күні «Металдардың химиялық қасиеттері» тақырыбында 9 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Металдардың химиялық қасиеттерін анықтай білу.
Ғылыми мәліметтер бере отырып, оқушыларды өздері тәжірибе жасау арқылы металдардың химиялық қасиеттерін дәлелдей білуге баулыды. Оқушылар берілген реактивтер арқылы металдардың сутекті қышқылдың құрамынан ығыстыруды, кей металдар тұздың құрамынан өзінен кейін орналасқан металды ығыстырып шыққанын тәжірибе арқылы көрсетті.
Жасалған тәжірибенің реакция теңдеуін тақтаға жазды.
Жалпы сабақты меңгергендерін тексеру мақсатында формативтік бағалау жүргізіп, «Quizizz»ойынын ойнатып, нәтижесінде оқушылар өте жақсы тапсырып шықты. Әдіс-тәсілдері: зерттеу, болжау, дәлелдеу. Ойын технологиясы қолданылды.
25.11.2021ж. қорытындылау кешінде 5-11 сынып оқушылары өздерінің өнерлерін және қабілеттерін көрсете білді. Биология, география, химия ханшайымдарының өлең жолдарын тамашалады. 5-8 сынып оқушылары «Табиғат тылсымы» атты сән үлгі көрсетілімін ұсынды.Оқушылардың өздері дайындаған көрмесі ұйымдастырылды. Спортпен шұғылданып, денсаулығыңды сақтау салауатын уағыздаған әлем чемпионы Абзал Заңғардан сұхбат алынды. «Табиғат және қоршаған орта» тақырыбында дарынды оқушылар ғылыми жобасын ұсынды. Онкүндік қорытындысы бойынша белсенді оқушылар марапатталды. Онкүндік аясында жоспарланған жұмыстар толық орындалды, өз мақсатына жетті.
Әдістеме бірлестік жетекшісі: Мауленова А.С.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны